Тергеу барысында күдіктілер ұзақ уақыт бойы ірі қара мал ұрлап келгені анықталды. Олар бір шаруа қожалығының аумағынан жалпы саны 43 бас ірі қара малды әкеткен. Тәртіп сақшылары күдіктілерді иесіз үйден құрықтады. Сол жерден 28 бас тірі мал, 15 малдың еті (оның ішінде 10 бас сойылған және 5 бас бөлшектелген), қылмыстық әрекеттерде пайдаланылған 6 пышақ пен 3 арқан тәркіленді.
Полиция департаментінің мәліметінше 3 күдікті қамауға алыныпты. Тағы 3 адамға қатысты жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
«Жетісу – Ақпарат»





