Талдықорған: +14°C
$ 472.48
€ 550.06
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҒЫЛЫМ — ТАУСЫЛМАЙТЫН КЕН

16.11.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Ғылым – таусылмайтын кен. Қазған сайын адамзатқа берер пайдасы арта түспек. XXI ғасырда ғылымның екпіні үдеп, берер жемісі де молая түсуде. Осыны ерте түсінген әлемнің алпауыт мемлекеттері қазынаны жер қойнауынан емес, адам миынан іздеуде. Алақандай ғана аралда тұрып, қазба байлықтарды былай қойғанда, құмның өзін экспорттайтын Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттер жаңалықтың жаршысы болуда. Бүгінгі таңда олар жоғары инновациялық белсенділікпен, заманға сай жаңартылған өндірістік аппаратпен, тоқтаусыз дамытылып отырған өнім сапасымен ерекшеленеді. 


Жапония экономикалық қиындықтарға тап болған тұста қалыптасқан өндірістік жүйе мен жоғары дамыған ғылыми-техникалық саланың арқасында бәрін сәтті шеше алды. 2004 жылдың қорытындысы бойынша олардың ғылыми жұмыстарға жұмсалған шығын көлемі 16,9 трлн. иен, яғни 127,1 млрд. долларға (жалпы ішкі өнімнің  3,4%) тең болды. Бөлінген қаражаттың көлемі бойынша Жапония АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленсе, жұмсалған шығынның жалпы ішкі өнімнің үлесі бойынша Америка Құрама Штаттарынан асып түсті. 

Ғылым мен білімге бөлінген қаржының қайтарымы мол екенін айрықша атаған еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырды. Президентіміздің бұл Жолдауынан ғылымға ерекше көңіл бөліп, оны дамытатын ғалымдарға қолдау көрсетіп отырғандығын байқаймыз. Елімізде сапалы білім алып, ғылыммен айналысуға, біліміңді шыңдай түсу үшін шетелдің үздік ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтуге барлық жағдай жасалуда. Болашақ ғалымдарды білім нұрымен сусындатып, бағыт-бағдар беретін ұстаздарға да ерекше көңіл бөлінуде және үлкен сенім артылуда. Себебі, еліміздің экономикасының дамуы білім мен ғылымға, ал ғылымның дамуы ұлағатты ұстаздарға байланысты екені сөзсіз. 

XX ғасырдың басында Алаш зиялысы Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі» деген ұлағатты сөзі әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Ел басқарушыдан бастап еңбек адамына дейін ұстаздың алдынан өтеді. Алған тәрбиесі мен біліміне сай мемлекетке қызмет етеді. Демек, ұрпақ болашағы – ұстаздардың қолында. Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Заңда ұстаздарға көптеген жаңашылдық, жақсылықтар қарастырылған. Біріншіден, 2020 жылы жалақыны 25 пайызға өсіру және төрт жыл ішінде оны екі есе арттыру көзделген.  Педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30 бен 50 пайыз аралығында жаңа қосымша ақы және магистр дәрежесі бар ұстаздарға 10  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақы енгізілді. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы үшін мұғалімдерге 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді. Екіншіден, педагог өз міндетіне жатпайтын функцияларға тартылудан қорғалады. Сонымен қатар, енді педагогтарды әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылады. Осылайша ұстаздарға жасалып отырған қамқорлықты еліміздің болашағына, өркендеп дамуына ашылып отырған мүмкіндік деп түсінуге болады.

Білім мен жемқорлықсыз саясатты негізгі бағыт ретінде ұстанған Сингапурдың білім беру жүйесі әлем бойынша үлкен талқылауға жəне өзгеріске түсіп отыр. Реформа бойынша да алдыңғы орында осы ел тұр. Олар әр оқушыға өмір бойы білім алуға мотивация береді, жаңа технологияларды, кәсіпкерлік негіздерін меңгертеді. 2015 жылдан бастап Сингапурда мектепке мұғалім ретінде университеттің ең үздік түлектерін ғана қабылдау енгізілген.

Директор болу үшін мастер-мұғалім болуың керек. Жалпы тестілеуден өтіп, жартыжылдық тренингке қатысып, шетелде  тәжірибе алмасып қайту шарт. 

Дәл осы жүйе бүгінгі таңда біздің елімізде де жүзеге асып жатыр. Жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандықтарға ҰБТ қорытындысы бойынша 70 балдан жоғары жинаған мектеп түлектерін қабылдауда. Нәтижесінде мұғалімдік мамандыққа мектепте үздік оқыған түлектер көптеп келуде.  Олар болашақта үздік ұстаз болып, үздік шәкіттерді тәрбиелейтіні сөзсіз. Үздік шәкірттердің арасынан ақыл-пайымы мол, парасатты ғалымдар шығатындығы шындық. Әл-Фараби бабамыз «Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр» деген екен. Демек, еліміздің өркендеп дамуы тікелей ғылымға, ғылымның дамуы парасатты ғалымға байланысты екені хақ.

Қазіргі уақытта ғылым саласындағы басым бағыттардың бірі әлемдік ғылым кеңістігіне кірігу болып табылады. Ғылым мен техника саласында Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Корея, Жапония, Германия, Франция, Польша, Ресей, Украина және т.б. елдермен 30-дан астам мемлекетаралық келісім жасалды. Осындай интеграцияның маңызды құралы – бірлесіп ғылыми зерттеулер жүргізу, халықаралық ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысу.

Президент тапсырмасына сәйкес дарынды шетелдік ғалымдарды жұмысқа тарту, соның ішінде үзді қазақстан- дық ғалымдарды елімізге қайта оралуға ынталандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Отандық ғалымдардың ауқымды халықаралық жобаларға қатысуы үшін жағдайлар жасалынуда. Қазіргі кезеңде қоғамның өркендеп өсуі білім жүйесінің сапасын жақсартуды, жаңа технологияларды кеңінен қолдану, жаңа формациядағы педагогтар даярлау арқылы еліміздің білім жүйесін халықаралық стандарт деңгейіне жеткізуді көздеп отыр. Бұл мақсаттар еліміздегі білім беру жүйесінің алдына жаңа инновациялық, технологиялық әдістерді қолдану, оқытудың жаңа модельдерін іздестіру және оны үнемі жетілдіріп отыру міндеттерін алға тартады.

Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев өзінің он сегізінші қара сөзінде: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық» деген. Демек, білім мен ғылымды терең меңгерсек, еліміздің болашағы зор, тәуелсіздігіміз тұғырлы болмақ!

Ә. БЕКТҰРҒАНОВ,
ҚР Парламенті  Мәжілісінің депутаты,                
«Nur Otan» партиясының мүшесі 

 

Қатысты жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

25.05.2026
Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

25.05.2026
15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

25.05.2026
«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

25.05.2026
Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.