Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚЫТАЙ КОМПАНИЯЛАРЫ ЕЛІМІЗДІҢ СУ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУҒА АТСАЛЫСПАҚ

5 шілде 2024
КҮЛТӨБЕ
ҚЫТАЙ КОМПАНИЯЛАРЫ ЕЛІМІЗДІҢ СУ САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУҒА АТСАЛЫСПАҚ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бірқатар қытайлық ірі компаниялармен кездесу өткізді.


Министр ең алдымен Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясының вице-президенті Цзян Игаомен кездесті. Компания Қазақстанда 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясың Жамбыл облысындағы ирригациялық арналарды, дренаж жүйелері мен құрылыстарды реконструкциялауды қоса алғанда, ауқымды 5 жобаны іске асырып жатыр.

Тараптар суару жүйелерін цифрландыру және осы бағыттағы екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясының өкілдері Қазақстанның су саласын цифрландыру және автоматтандыру бойынша жаңа жобаларға қызығушылық танытты.

«Цифрлық технологиялар дақыл түрлеріне, климатқа және аумаққа байланысты суды дәл және уақтылы бөлуді қамтамасыз ете отырып, су ресурстарын басқарудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Бірлескен күш–жігер, ресурстар мен тәжірибені пайдалана отырып алдымызда тұрған мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін», — деді Нұржан Нұржігітов.

Одан кейін министр CITIC Gonstruction компаниясының президенті Цзяньцян Янмен кездесіп, су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесін талқылады. Қытайлық кәсіпкерлер Қазақстанда су үнемдеу жүйелерін шығаруға дайын екендіктерін білдірді.

Нұржан Нұржігітов өз кезегінде жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағы су қоймаларын реконструкциялау, сондай-ақ Алматы мен Жетісу облыстарындағы суару жүйелерін жаңғырту жөніндегі министрліктің жоспарлары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, министр Power China компаниясының президенті Тань Сяофэнмен кездесті. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Power China қазақстандық су шаруашылығы мамандарын Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді деп келісті.

Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов қытайлық компанияға «Қазсушар» кәсіпорнымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюды ұсынды. Power China басшылығы болса жаңа су қоймаларының құрылысына қатысуға ниет білдірді. Бұл мәселені егжей-тегжейлі талқылау алдағы уақытта жұмыс тобы деңгейінде жалғасады.

«Power China Қазақстанда бұрыннан табысты жұмыс істеп келеді. Компания біздің елімізде бірнеше ауқымды жобаны жүзеге асырды, сондықтан біз өзара тиімді ынтымақтастыққа ниеттіміз. Бұл біздің бірлескен жобаларымызды ғылыми сүйемелдеуді тиімдірек етеді», — деді Нұржан Нұржігітов.

Министрдің China Energy International Group компаниясының басқарма төрағасы Лю Цзэсянмен кездесуінде Қазақстанның су қоймаларында су электр станцияларының құрылысы талқыланды. Қытайлық кәсіпкерлер аталған жобаға қызығушылық танытты. Тараптар бұл мәселені толығырақ талқылауға келісті.

China Energy International Group өкілдері Қазақстанның су саласын цифрландыру және автоматтандыру жобаларына қатысуға ниет білдірді. Сонымен қатар, қытайлық компания елімізде ағынды суларды тазарту қондырғыларын орнатуға дайын.

Қатысты жаңалықтар

Көркі кірген көкше теңіз

Көркі кірген көкше теңіз

Бүгін, 10:00
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11
Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.