Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

«Қызыл дельфиннен» қызық іздеме

12 қараша 2024
КҮЛТӨБЕ
«Қызыл дельфиннен» қызық іздеме
WhatsAppTelegramFacebook

Интернет – өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Күнделікті жұмыстан бастап, күн сайынғы  хат-хабар алмасу, еліміз бен әлемдегі жаңалықтармен танысу, бос уақыттың  барлығы ғаламдық желі арқылы жүзеге асады.

Тіпті арамызда ғаламтордағы түрлі ойынға қызығушылық танытатындар да аз емес. Олардың басым бөлігі балалар мен жасөспірімдер. Алайда сол  ойындар жастардың кейбірін қиын сәтке  итермелеп жатқанын  жоққа шығара алмаймыз. Ұялы телефо­нын жанынан бір елі тас­тамайтын, ғаламтордағы күмәнді сіл­темелерді қызық үшін басатын жет­кіншектер «Қызыл дельфин­нің» қанды тырнағына ілігуде.

Мамандар  пікірінше ойын­дар мен платформаларды, сайттарды қадағалау – өте күрделі жұмыс. Мәселен, ойынға қы­зық­қан бала кейбір платформаның 18 жасқа дейін деп  шектеу қойғанына қарамастан, оны айналып өтудің жо­лын тауып алады. Яғни, жет­кіншек ата-ана­сының телефоны арқылы не­ме­се туған жылын жалған көр­сету жолымен де  бұл ойынға  оп-оңай қатыса алады. Ал қазіргі көп ата-ана  ба­лаларымен ашылып сөй­лес­пей­ді, көңіл аудармайды. Бұл  баланың жан-дүниесіне әсер етеді. Сөйтіп  балада жал­ғыз­сырау пайда болады.

Негізінде балаға  айқайлау, ұрысу, физикалық, эмоционалдық және моральдық тұр­ғыда жазалау сияқты жол­дар­мен тәрбие беруге болмайды.  Осындай   ба­­­лалар «Қызыл дельфин» сияқ­ты ойынды ойнау  арқылы  жанын түсінетін ортасын тапқандай  сезінеді. Сол ар­қылы мидағы мақсатты жү­зеге асырғысы келеді. Ойындағы тапсырмаларды орындауда өзін мықтырақ, сенім­ді­рек,  бір нәрсеге жарайты­ндай көрінеді. Дегенмен түпкі түйсігінде  өзіне деген сенімсіздік пен балалық жарақаттары  жатыр. Сон­дықтан ата-ана баланың эмо­цио­налды күйіне көңіл аударғаны жөн. Баламен бітпей­тін қысым мен айқай-шудан гөрі ашық әңгіме құрып, тыңдауға, түсінуге тырысу қажет. Тым қатты қа­дағалау немесе мүлдем қарау­сыз қалдыру да дұрыс емес. Дегенін жасайтын бала қан­дай жағдай болса да жолын табады.  Қайғылы жағ­дай­лар­дың, қолайсыздықтардың ал­дын алу үшін де баламен құра­ла­тын диалог, ашық әңгіме, тү­сін­діру жұмыстарының жүргізілуі өте маңызды.

Ажал апанына айдап апаратын арандатушы­лар­дан аулақ болуы үшін баламен  пікір алмасуға, ойын тың­­­­­­дауға ден қойып, қадағалау жұ­мыс­ын  күшейту қажет. Бала – бола­ша­ғымыз екенін естен шығармайық.

А. БИЛАЛ,
«Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет,
тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-бас маманы 
Фото: gdemoideti.ru

Қатысты жаңалықтар

Көркі кірген көкше теңіз

Көркі кірген көкше теңіз

Бүгін, 10:00
«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

Бүгін, 09:11
Өрісі кеңейген Көксу

Өрісі кеңейген Көксу

27 қараша 2026
Жегені желкесінен шығады

Жемқорлықты әшкерелегендерге 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы беріледі

27 қараша 2026
Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

Мемлекеттік корпорацияның білім беру бастамасына екінші университет қосылды

27 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.