Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚЫЗЫЛ ЖОЛБАРЫСТЫҢ ҚҰПИЯСЫ

3 қазан 2019
КҮЛТӨБЕ
ҚЫЗЫЛ ЖОЛБАРЫСТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Токиодан шығатын «Нихонтоюрашя» газетінің №1508 санында жапонтілді журналист, ғалым Шарафат Жылқыбаеваның «Қызыл жолбарыстың құпиясы» деп аталатын мақаласы жарық көрді. Автор қазақ фольклорындағы аң-құс символдарының мифологиялық, этнографиялық мәніне бойлап, тарихтағы көрнекті ел басшылары, ақын-жыраулардың киесі саналған тотемдік бейнелер туралы сөз қозғайды.


Автор мақаласында қазақ мифтері мен ақын-жыраулар поэзиясынан үлкен орын алатын образдың бірі Тұран жолбарысы екенін айта келе ежелгі заманда қазақ халқының қызыл жолбарысты кие тұтқанын жеткізеді. Мақалада қызыл жолбарысқа қатысты аңыз-әңгімелер баяндалған. Қарасай батыр туралы тарихи деректерді мысал ете отырып, Қараш, Қараша батыр-билер өмірін де таныстырған. Бұдан кейін автор қызыл жолбарыспен байланысты Сұраншы батыр ерліктерін айта келе ұлы жырау Жамбыл Жабаев шығармашылығына тоқталады. 

Мақалада әйгілі Сарыбай би Айдосұлының өмірбаяны суреттеліп, халқының бейбіт өмірі үшін ғұмырын арнаған батыр-билер тағдырында қызыл жолбарыстың алар орны әдеби-публицистикалық тұрғыда сараланған. Сұраншы батыр, Сарыбай би, Саурық батыр сияқты ұлы тұлғалардың арқасында Ұлы даламыздың сыртқы жаудан аман қалғанын айтады. Мақалада Сүйінбай Аронұлының Сарыбай би туралы айтқан сөздері де бар. 

Жапон оқырмандары бұл мақалада Сарыбай би мен Жамбыл жыраудың өміріне қатысты қызықты мәліметтермен таныса алады. Мақалада Сарыбай би кесенесінің суреті мен Жамбыл Жабаев мұражайынан алынған қызыл жолбарыс пен ақынды бейнелейтін сурет басылған. Автор мақаласын бүгінде Қазақстанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы мен Сарыбай бидің 200 жылдығын өткізуге қызу дайындық жүріп жатыр деп түйіндеген. 

«Нихонтоюрашя» газетінің жауапты редакторы Каджияма Тацушидің айтуынша, соңғы кезде редакцияға Шарафат Жылқыбаеваның мақалаларына қатысты пікір білдіріп, хабарласқан оқырмандар саны артқан. Мұның себебі, бұрын жапон баспасөзінде Қазақстан туралы мәлімет аз болса, қазір насихат белсенді түрде жүргізілуде. Жуырда жапонның фольклорлық «Гун» журналында Шарафат Жылқыбаеваның  қазақ эпостарының дүниетанымдық мән-мағынасын талдаған көлемді ғылыми мақаласы жарияланып, оқырмандар арасында қызу талқыланған болатын.

Өз тілшіміз

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.