Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ТОЛАСТАМАЙ ТҰР

23.06.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық әкімдікте құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтіп, Жетісу жеріндегі қылмыс, жол-көлік оқиғасы, жолдардың сапасы сынды өзекті мәселелер қаралды. Аудан, қала әкімдері, аумақтық полиция бөлімдерінің басшылары онлайн қатысқан селекторлық жиынды ашып, жүргізіп отырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов алқалы отырыста алты тақырып қаралатынын жеткізді.


Бірінші тақырып – отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы облыстық полиция департаментіне қарасты жергілікті полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Бағдат Әшімов баяндама жасап, отбасылық кикілжің нәтижелерімен таныстырды. Оның айтуынша, тұрмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу үшін көптеген шаралар қолға алынып, отбасылық зорлық-зомбылықты болдырмауға арналған акциялар ұдайы өткізіліп тұрады. Соған қарамастан үйінде ішімдік ішіп, отбасының шырқын бұзатындардың қатары азаймай тұр. Биыл жыл басынан бері 2320 отбасылық құқықбұзушылық тіркеліп, ескерту жасалған. Соның ішінде ҚР Әкімшілік кодексінің 73 бабы бойынша 1311 құқықбұзушыға әкімшілік шара қолданылған. Оның 435-і әкімшілік қамаққа алынып, 298-не ескерту берілсе, 578 іс сотта тараптардың татуласуы бойынша қысқартылған.

Құқықбұзушылықтардың қатарында ішімдік сатуға қатысты істер тіркелген. Соған байланысты тіркелген 45 отбасылық қылмыс негізінен ішімдік ішу себепті жасалған. Мұндай қылмыс түрлері облыстың Қарасай, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Сарқан, Ұйғыр аудандарында анықталды. Тіркелген 45 қылмыстың 31-і ішімдіктің кесірінен орын алған. Отбасынан жәбір көрген аналар мен балалар Талдықорған қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге әлеуметтік көмек көрсету орталығына 6 айға жатқызылып, моральдық, психологиялық қолдау алады. Жыл басынан орталыққа 58 адам жеткізілген.

Жол ұйымдарымен өзара іс-қимыл және жол қауіпсіздігі саласындағы проблемалық мәселелер туралы облыстық полиция департаментіне қарасты әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серікжан Саржанов, үшінші тақырып – облыстың оқу орындарында жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлықтың және есірткі құралдарының, оның ішінде синтетикалық түрлерінің таралуының алдын алу бойынша қабылданған шаралар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Аман Серікұлы, облыс аумағында тәртіпсіздіктер мен құқықбұзушылықтарға қоғамда мүлде төзбеушілік қағидатын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру барысы туралы жергілікті полиция басқармасының бастығы Бағдат Әшімов кезекпен баяндама жасап, орын алған қылмыс пен құқықбұзушылықтардың сараптамасын таныстырды.

Ал, бесінші және алтыншы тақырыптар – ҚР Бас прокуратурасының жанындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2021 жылғы 4 наурыздағы отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы мен құқықбұзушылықтың алдын алудың 2020-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру барысы туралы облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы Ләззат Құсайынова баяндап, өз жұмысына немқұрайды қарайтын салалардың жұмысын сынға алды. Оның айтуынша, Жетісу жеріндегі құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған кешенді жоспардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді жинау аудандық, қалалық әкімдіктерде баяу жүреді. Сонымен қатар, сотталып келгендерді жұмысқа орналастыру, қоғам өміріне бейімдеу сынды аса маңызды міндеттер аудандарда мүлде жүргізілмейді. Соның кесірінен қайтара қылмыс жасаушылар толастамай тұр. Одан бөлек, биыл аудан орталықтары мен қалаларда арнайы бағдаршамы бар 39 жаяу жүргінші жолы салынуы тиіс. Алайда бұл жұмыс та кешеуілдеп отыр. Облыстық жолаушылар қатары көлігі және автотранспорт жолдары басқармасының мамандары бұл жұмыстың жаяу жүргіншілерден шағым түскенде ғана жасалатынын жеткізді.

Жиында автокөлік жолдарының сапасына арналған бейнеролик көрсетіліп, Алматы – Талдықорған автожолының тозығы жеткені, ортадағы темір жолақтың сапасыз жасалғаны, Алтынемел асуындағы жолдың әбден ескіргені нақты дәлелмен көрсетілді. Осыған орай «ҚазАвтоЖол» мекемесінің басшылығы сынға алынды.

Ведомствоаралық комиссияның отырысын қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов аудан, қала әкімдеріне, жауапты органдар мен құзырлы мекемелердің басшыларына құқықбұзушылықтың алдын алуға қажетті іс-шараларды мұқият атқару, еліміздің Бас Прокуратурасы тарапынан берілген тапсырмалардың мүлтіксіз, уақытылы және сапалы орындалуын қадағалау жөнінде тапсырма берді.

 

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026
Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

08.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.