Талдықорған: +35°C
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ІЗГІЛІК ІЗДЕРІ

26.01.2022
КҮЛТӨБЕ
ІЗГІЛІК ІЗДЕРІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қаңтар айындағы дүрбелеңнен кейін ел Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ қақтығыс кезінде қайтыс болғандар мен зардап шеккендерге халық болып жәрдемдесуге шақырғаны белгілі. Тарыққанға қол созып, ашыққанға дәм ұсынған Ұлы Даланың перзенттері бұл жолы да барымен бөлісіп, қайырымдылық шараларын атқаруға кірісіп кеткен. Солардың қатарында Қаскелең қаласында орналасқан «AZAMATSHA» қоғамдық қоры да бар.


Аталмыш қор әу баста көпбалалы және  аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсетуді алдына мақсат етіп қойған болатын. Осылайша, Қарасай мен Жамбыл ауданында тұратын 300 шаңырақ тұрақты түрде жәрдем алып келген. Бұл жолы жоқшылық қамытын киіп отырған 14 отбасына бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдері салынған себеттер таратылып берілді.  Қордың қаражатына алынған тауарларды сұрыптап, таратуға Айжан Балажанова жетекшілік жасайтын аудандық жастар ресурсы орталығының мүшелері көмекке келді.

Қордың директоры Мәдина Сауытбекованың айтуынша, алғаш жұмыстарын бастаған сәттен сот орындаушысы Талғат Кененбаев пен оның көмекшісі Ольга Филинамен тығыз байланыс орнатып, тұрмыс тауқыметіне ұшыраған жандар жайлы мәліметтер алып отырған. Енді мұндай отбасылар «AZAMATSHA» қорының қолдауына арқа сүйей алады.  Иглікті шарадан  аудандық «Nur Otan» пртиясы,  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығы да шет қалмай келеді. 

Қордың құрылтайшысы Ольга Қуанышева, директоры Мәдина Сауытбекова және есепші-оқытушы Светлана Михайловскаяның бастамасымен құрылған қоғамдық ұйымның күнделікті жұмысына Элия Өтегенова, Арман Палымбетова сияқты еріктілер қал-қадерлерінше көмек жасауда. Өздерінің тұрмыстық мәселелері шешімін таппай отырса да еріктілер  қамқорлыққа зәру жандарға қол ұшын беруге дайын. 

Тарыққан отандастарына қамқорлық жасауды мақсат еткен жаны ізгі жандар азық-түлік себеттерін таратып қана қоймай, қаңтардағы қақтығыс кезінде қаза тапқандарға арнап ас берді. Жиналған жұртшылықты сабырға шақырған «Ақ мешіт» мешітінің имамы Месут Қарабазар  шейіт болғандарға Құран бағыштады. 
– Біздің бұл шарамыз ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Үндеуіне қолдау білдіріп,   аз қамтылған және зардап шеккен отбасыларына сәл  де болса көмек көрсетуге бағытталған – дейді Мәдина Маратқызы. – Осы шараға дайындалу барысында қақтығыс кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арнап ас беріп, Құран бағыштау жайлы ой келді.  Осылайша біз марқұмдардың отбасына көңіл айтып, қазақ халқымен бірге екенімізді көрсеткіміз келген.  «Күшіміз – бірлікте!» деген ұғым күнделікті тірлікте осындай әрекетпен көрініс тауып жатыр.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

Қазақстандықтардың 22,8 млрд теңге айыппұлы кешірілді

24.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Сайлау науқаны: Бюллетеньді суретке түсіруге тыйым салынды

24.07.2026
Алимент енді арнайы шотқа аударылады

Алимент енді арнайы шотқа аударылады

24.07.2026
Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жетісу станциясы теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары аяқталды

23.07.2026
Қараталда экологиялық рейд өтті

Қараталда экологиялық рейд өтті

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.