Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

22 тамыз 2019
КҮЛТӨБЕ
ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында жаңа оқу жылына дайындық барысы баян етілді. Бұл турасында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Майгүл Омарова кеңінен ақпарат берді.


– Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Бүгінгі күні мектептердің дайындығы басты назарда. Қазіргі таңда өңірде  760 мектеп бар, оның барлығы да интернет желісіне, 700-і бүгінгі уақыт талабына сай «Күнделік» электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесіне, 737 білім ошағы «Bilimland.kz» білім беру ресурстарына  қосылған. 

Биыл 1-сыныпқа 49 мыңға жуық бүлдіршін қабылданады деп күтілуде. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету мәселесі қарқынды жүргізілуде. Биыл оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын  алуға 4 млрд. 920 млн. теңге қаржы бөлінген. Оқулықтар толығымен білім ошақтарына жеткізілуде. 

Облысымызға «Мектепке электрондық жазбалар енгізу» автоматтандыру жүйесі ендірілді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 24 млн. теңге бөлінді.

«Мектепке жол» акциясы аясында 5 шілде мен 10 тамыз аралығында 2863 балаға, 30 млн. 719 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді, – деді ол. 

Білім беру мекемелерінің жылыту маусымына дайындық жұмыстары да ойдағыдай жүргізілуде. Сұйық отынмен 533, орталық жылыту жүйесімен 173, табиғи газбен 175, қатты отынмен 150, пеллет отынымен 40, электр қуатымен 2 білім беру шаңырағы  жылытылады. Биыл 19 млн. 331 мың литр сұйық отын, 4123, 5 тонна пеллет, 13 815 тонна қатты отын алу қарастырылған. Бұл турасында баспасөз мәслихаты барысында облыстық білім басқармасының күрделі жөндеу және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Гүлмира Уалбаева сөз етті. 

Облысымызда үш ауысымда оқитын 34 мектеп болса, 2022 жылға дейін бұл мәселені толықтай шешу жоспарланған. Биылғы оқу жылында 8 мектеп пайдалануға берілмек, оның 5-еуі 1 қыркүйекте оқушылар үшін есігін айқара ашпақ.

Ал жаңа оқу жылында орын алатын жаңашылдықтар туралы басқарманың орта білім, жаңа технологиялар және инновациялар бөлімінің басшысы Айжан Адамбекова айта кетті. Биыл  4, 9,  10-сыныптар жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқиды. Сондай-ақ, 10-сыныпқа «Кәсіпкерлік  және бизнес  негіздері», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық», «Графика және жобалау» сынды жаңа пәндер қосылады. Пилоттық режимде «Қазақстан тарихы» қазақ тілінде, «Дүниежүзі тарихы» орыс тілінде оқытылатын болады.

Жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы спикерлердің баяндауынан соң журналистер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Алма ЕСЕНБАЕВА 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.