Талдықорған: +4°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

24.02.2018
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

    Тек технологияға мән беретін мемлекетті бір қанаты қайырылған құсқа теңеуге болады. Өндірісі өрге басқан, бірақ тарихи құндылықтары қалыс қалған елдің түбінде тығырыққа тірелері хақ. Бұл сөзімізге кейбір дамыған елдердің дағдарысқа түскен бүгінгі көрінісі дәлел. Материалдық құндылықтан мораль басым тұрмаған жерде адамгершілік пен ар-ұят аяққа тапталады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтарды қайта жандандырудың, дәстүріміз бен тарихымызды дәріптеудің, ең бастысы, жаһандық қауіп-қатерден қалай қорғанудың сара жолын көрсетіп берді. Миллиондаған адамның жүрегіне ұялаған мақала аясында мыңдаған шара ұйымдастырылып, тағылымды басқосулар болып өтті.


    «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес нарық талабымен тіршілік жетегінде кеткен қаншама адам ұлттық мұраларымен қауышты, тарихи тұлғаларын дәріптеуге көшті. Сонымен қатар, ана тілін ардақтауды, бабалар ізін жалғастыруды бастады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кең ауқымда жүзеге асырудан Алматы облысы шет қалған жоқ. Тіпті, өзге өңірлерден алда келе жатқаны да жасырын емес. Бұл жайлы жуырда ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Қоғамдық сананы жаңғырту бойынша өткізген ұлттық комиссияның отырысында арнайы айтып өтті де.
    Атап айтсақ, Р»ухани жаңғыру» бағдарламасы шыққалы бері облыста ең алдымен «Рухани керуен» жобасы қолға алынды. Көпшіліктің қолдауына ие болған керуен қала, аудан орталықтарымен шектеліп қалмай, шалғайдағы ауылдарда кездесу ұйымдастырды. Бұл жобаның бағыты да, мазмұны да өзгеше сипатта болды. Құрамында облысқа үлгі азаматтар, ел танитын тұлғалар бар керуен 16 аудан, 3 қаланы қамтып, тұрғындармен емен-жарқын сұхбат құрды. Халыққа қазақ тарихын, дәстүрін, ұлттық тәлім-тәрбиесін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жаһандану дәуірінде теріс ықпалдардан тек салтымызбен ғана сақтана алатынымызды әңгімеледі. Әсерлі кездесулер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, жалпақ жұртқа газет, теледидар арқылы жетіп жатты. «Рухани керуен» ауыл-ауылдарды аралап, облыс орталығы Талдықорғанда қорытындыланды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға облыстық басқармалардың барлығы атсалысты. Сонымен қоса, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіпкерлер, университет, колледждер мен мектептер тағылымды кездесулер өткізуде. Әсіресе, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қолға алған «Буккроссинг»  жобасы халық тарапынан қызу қолдау тапты. Қоғамдық орындарға, көшелерге қойылған ашық сөрелерден оқырмандар өздеріне ұнаған кітаптарын алып, рухани байып қалды. Аялдамаларда, автобустарда кітап оқитын сәулелі жастардың қатары молайды.
    Жыл соңында облыс әкімдігі ақпарат құралдары өкілдері арасында «Самғау» сыйлығын тағайындады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілген байқауда жүздеген журналист бағын сынап көрді. Жеті аталым бойынша оза шапқандардың алды 500 мың теңгемен марапатталды. Айта кетейік, журналистер арасындағы бұл байқау бізден өзге ешбір облыста ұйымдастырылған жоқ. Байқау шарты бойынша, тілшінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосу шеберлігі сыналды. Қазіргі таңда Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында қуғын-сүргін құрбандарына музей салу ісі басталды. Ал Қарасай ауданындағы «Батыр бабалар» музейі де құнды жәдігерлерімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына елеулі үлес қосуда. Бұдан бөлек, облыста осы уақытқа дейін 15 танымдық саяхат ұйымдастырылды. Нәтижесінде, «Жетісу географиялық қоғамы» құрылып, киелі жерлердің картасы жасалды.
    Жетісу өңірін аралағысы келетін туристер үшін ешқандай көмекші ертіп жүрудің қажеті жоқ. Өйткені, облыстағы ең басты 255 ескерткішке QR-код орнатылған. Код арқылы ескерткіш туралы толық мәлімет сіздің смартфоныңызға шыға келеді. І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-да Рухани жаңғыру аясында «Жетісудың тарихы» атты арнайы пән енгізілді. С. Демирел атындағы Қазақ-түрік университетімен бірлесіп, үш тілде «Жетісудың сакралды жерлері» атты мобильді бағдарлама жасалды. Ерекше атап өтерлік жайт, «Туған жер» бағдарламасы бойынша 218 әлеуметтік жоба қолға алынды. Жомарт жүрек кәсіпкерлер, меценаттар балабақша, үй тұрғызып беріп, өзге де қайырымдылықтар жасап, көпшіліктің алғысын арқалауда. Оның ішінде туған жерінің инфрақұрылымына қол ұшын созып, ауылды жарықтандыру, жол салу, балалар алаңын жөндеу секілді жұмыстарға атсалысқандар да баршылық.
    Бағдарлама бойынша бүгінде 243 мәдениет нысанын жалпы құны 13 миллиард теңгеге күрделі жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. «Орбұлақ», «Қойлық» және «Бұрқан бұлақ» секілді тарихи орындарға танымдық саяхаттар, блог-турлар өткізілді. Бір жылдың ішінде облыстағы Рухани жаңғыру аясындағы іс-шаралар бойынша мерзімді басылымдарда 2500-ден астам мақала жазылды. Ал телеарналарда 600-ден астам сюжеттер көрсетілді. Ал әлеуметтік желілерде 3500 жазба жарияланды. Жаңғыру аясындағы жарқын істердің біз ең негізгілерін ғана атадық. Бағдарламаның жүзеге асуы жолындағы тың бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.

Қуаныш ТҰҢҒАТАР.

Қатысты жаңалықтар

Ұландық жауынгерлер оқушылармен кездесті

Ұландық жауынгерлер оқушылармен кездесті

05.03.2026
WBO Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесіне қатысты соңғы шешімін шығарды

WBO Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық мәртебесіне қатысты соңғы шешімін шығарды

05.03.2026
ІІМ ескертеді: Шетелдегі «жалақысы жоғары жұмыс» құлдыққа айналуы мүмкін

ІІМ ескертеді: Шетелдегі «жалақысы жоғары жұмыс» құлдыққа айналуы мүмкін

05.03.2026
Қазақ футболының үміті: Дастан Сәтпаевтың жетістіктері мен рекордтары

«Челси» капитанының әкесі – Дастанның жеке бапкері

05.03.2026
Түркия Ираннан ұшырылған зымыранды атып түсірді

Түркия Ираннан ұшырылған зымыранды атып түсірді

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.