Талдықорған: +7°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ұландық жауынгерлер оқушылармен кездесті

5 наурыз 2026
КҮНДЕРЕК
Ұландық жауынгерлер оқушылармен кездесті
WhatsAppTelegramFacebook

UAE SWAT Challenge халықаралық жарысында қазақстандық арнайы жасақтар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, әлемнің үздік командаларының қатарынан көрінді. Аталған беделді сайыста еліміздің арнайы жасақтары, соның ішінде «Томирис» әйелдер тобы да ерекше шеберлік танытып, жүлделі орындармен оралғаны белгілі. Қазақстан құрамасының сапында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де өнер көрсетті. Олардың қатарында майор Диас Ахметбаев пен прапорщик Ақыл Новаев бар.

Жарыстан оралғаннан кейін әскери қызметшілер Жақсылық Үшкемпіров атындағы Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушыларымен кездесті. Онда халықаралық жарыстың ерекшеліктері, қатысушыларға қойылатын талаптар және командалық дайындықтың маңызы туралы айтылды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтар да аз болған жоқ. Жастар әскери қызметтің қыр-сыры, арнайы жасақтардың дайындығы және халықаралық жарыстарға қатысу тәжірибесі жөнінде қызығушылық танытты. Жиын еркін форматта өтіп, әскери қызметшілер оқушылардың барлық сауалдарына жан-жақты жауап берді.

Майор Диас Ахметбаев жастарға арнаған сөзінде:

«Әлемдік деңгейдегі жарыстарда жеңіске жету – тек физикалық дайындықтың емес, тәртіптің, табандылықтың және командалық рухтың нәтижесі. Егер адам алдына мақсат қойып, соған жүйелі түрде еңбектенсе, кез келген биікті бағындыруға болады», – деп атап өтті.

Кездесу соңында оқушылар әскери қызметшілерге алғыс айтып, естелік суретке түсті. Мұндай тағылымды шаралар жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, сондай-ақ олардың ел қорғаны болуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Ұлттық ұлан сарбаздарының ерлігі мен жетістігі өскелең ұрпақ үшін нағыз үлгі өнеге саналады.

«Жетісу-Ақпарат»

Қатысты жаңалықтар

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

270 мыңнан астам қазақстандық жасанды интеллект құралдарын қолдануды үйренеді

Бүгін, 20:52
Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Олжас Бектенов:«Қордың стратегиялық бағыты өзгеріссіз қалып, міндеттемелер толық орындалады»

Бүгін, 20:46
Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жаратудың тиімді тәсілдері талқыланды

Бүгін, 20:10
«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

«Таза Қазақстан»: келесі жылы Талдықорғандағы орталық саябақ жаңғыртылады

Бүгін, 20:06

Елімізде 44 жаңа мектеп пен 37 балабақша пайдалануға берілді

Бүгін, 17:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.