Жасанды интеллект – кез-келген нәрсеге қабілетті, болжамдардан бастап, кескіндерді жасауға дейін мүмкіндігі бар. Жасанды интеллекттің нәтижелеріне қарап технологиялардың қалай жұмыс жасайтынын, оның қазіргі және болашақ ұрпақ үшін әсерін түсіну маңызды.
Негізінен жасанды интеллект тәжірибе үшін маңызды. Себебі, ол мәселелерді шешуге, алдағы уақытты жоспарлауға, білім алуға, жаңа жағдайларды импровизациялау мен жаңа нәрселерді үйренуге көмектеседі.
Жасанды интеллект күнделікті өмірде кеңінен қолжетімді. Смартфондағы Алиса, Siri немесе Google дауыстық көмекші қосымшалар соған дәлел. Тағы ChatGPT, Google Bard сияқты жасанды интеллект чатботтар қолданысқа енді. Мысалы, ChatGPT немесе Алисадан ауа райын не болмаса елдің астанасын сұрасаңыз, сіз машинаның оқыту алгоритмдердің нәтижесі болып табылатын жауаптар аласыз.
Жасанды интеллекттің адам өмірі үшін пайдасы:
- Мәліметтерді тез арада алу;
- Жаңа және инновациялық жұмыс орындар;
- Қатемен жұмыс;
- Медицинада жетістікке жетуге әрі дерттерді жоюға көмектеседі.
Жасанды интеллекттің теріс ықпалы:
- Жұмыс орындарының азаюы;
- Қымбат техника;
- Шығармашылық өнердің болмауы;
- Эмоцияның түбегейлі жойылуы;
Кез келген технологиялық прогрестің әрқашан оң және теріс жағы бар. Сондықтан да пайдасы мен зияны жөнінде, артықшылығы мен қауіпі турасында пікір көп. Жасанды интеллекттің артықшылығы – ол адамның қателесуінен сақтайды, тәуекелді жояды. Жасанды интеллектті енгізудің артықшылық – бұл адам қателіктерін, сондай-ақ, адам үшін қауіпті азайтады.
Қателік жасанды интеллектте де, адамда да болады. Әсіресе қиын тапсырмаларды орындау үшін жасанды интеллектті пайдалану – адам қателіктеріне жол бермейді. Жасанды интеллектті адамдардың орнына қауіпті жерлерге жіберуге ыңғайлы. Мәселен, радиациясы жоғары жерлерден роботтар арқылы ақпарат алса болады. Егер роботтың сынуына әкелетін қателік орын алса, роботты қайта жасауға мүмкіндік бар.
Назым КӨШКІНБАЙ,
ЖУ-дың студенті





