Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАСАНДЫЛЫҚ ЖІГІТКЕ ҰНАЙ МА?

8 маусым 2019
КҮЛТӨБЕ
ЖАСАНДЫЛЫҚ ЖІГІТКЕ ҰНАЙ МА?
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде жастардың бір-біріне айтар уәжі көп. Соның ішінде Қыздардың асыра сілтеп, табиғи болмысынан,  Қарапайымдылықтан алшақтап бара жатқандығы көзге оттай басылады. Бетіне жағылған бес Қабат бояу, дүрдиген ерін, Қастағы тату, жалған кірпік… БолашаҚ ана, аяулы жар болар нәзікжандылар мұндай әрекетке неге барып жүр?


Қазіргі таңда аталғандардың біреуін міндетті түрде көшеде жүрген кез келген қыздан кездестіруге болады. Себебін сұрасаң, «әдемілік үшін», «жұрттың бәрі жасатады», «мода» деген жауап естисіз. Сонда онсыз адам әдемі болмай ма? Қыздар арасындағы қалыптасып кеткен осы бір «жасандылықтың түбі жақсылыққа апармайды-ау!». Жасанды дүние әрқашан жасанды болып қала бермек. Сен оны Қанша жерден өзгерткің келсе де, ол өзгермейтін қағида. Соны бүгінгі таңдағы жастар қауымы қаншалықты түсіне алып жүр? ЖасандылыҚ Қайдан пайда болды? Жігіттердің сөзіне сенер болсақ, олар қыздардың бойындағы «Қарапайымдылықты» бағалайтынын айтады. Қыздарда бәрі жасанды. Ал керісінше қыздар қауымына келетін болсақ, жігіттерге өздерін күтетін, Қасы терілген, бетінде бояуы бар әдемі қыздар ұнайды. Бір сөзбен айтсаҚ «Бетің жылтырап тұрмаса, ішіңе үңілмейді» дегенді айтады. Сонда біздегі алғашҚы себеп – жігіттер қауымының екі сөйлеуі. Демек, қыздар жігіттерге ұнау үшін сонша құрбандыққа барып отыр. құрбандықтың басы, ең бірінші операцияға түсу дер едім. Бұған бет тарту, ернін немесе кеудесін үлкейту сынды дүниелер жатады. Оған көп қаражат кететіні де рас. Сән салондарына барып, қасыңа татуаж жасатқаның кемінде 5000 теңге, кірпік қостырғаның көлеміне қарай 6000 теңгеден бастау алса, маникюр, педикюр 10000, шашқа ботокс жасату, глазирлеу, ламинациялау немесе кератинді түзету жоқ дегенде 20000-нан асады. Сонда барлығы  35000 теңгені құрайды. Бұл дегеніміз Қазақстан бойынша кейбір жандардың алып отырған айлығымен бірдей. Қыздардың өздеріне күтім жасаймыз деп осынша қаражатты бір күнде жаратып тастауы ақылға қонымды ма? Әрине, әдемілік қыз баланың серігі болуы керек. Бірақ біз асыра сілтеп жатқан жоқпыз ба?

Мектеп оқушыларынан бастап бүгінде косметиканың ҚҰдіретіне жүгінеді. Оған себеп те жоқ емес. Интернет желісін ашып қалсаң қыздар тұрмақ «beauty» блогерлер болып жүрген жігіттердің де Қатары көбейіп келеді. Оның қасында қыздың боянғаны жай нәрсе болып қалады. Осыған қарап жігіттен жігер, қыздан қарапайымдылық кетіп бара жатқандығын еріксіз мойындайсың. Мұның себебі – бүгінгі тәрбиенің әлсіздігінен, адамның ой-өрісінің төмендігінен, білімнің таяздығынан деп білемін. Егер қыз ақылды болса жігітке ұнау үшін боянудың немесе әдемі болу үшін еліктеудің  қажет еместігін түсінер еді. Сән әлемінде алға тартатын  бірнеше қағида бар: өзіңді жақсы көру, күнделікті спортпен айналысып, дұрыс тамақтану, біліміңді күнделікті шыңдау, жаңалықтардан қалыс қалмау. Бар керегі осы. Ал жасандылықты қолмен, ойымызбен, көзқарасымызбен жасайтын өзіміз. Жүсіп Баласағұн айтқандай «Әйел көркі қылығында». қыздардың қылықты болып бойжетуі үйіндегі тәрбиеге, араласатын ортасына тікелей байланысты. Ал бұл басқа әңгіме…

                                                        Аймарал Дәулетбек

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.