Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛДЫ

31 мамыр 2019
КҮЛТӨБЕ
ЖАСТАР ЖЫЛЫНА АРНАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жастар» спорт сарайында 2004-2005, 2006-2007, 2008-2011 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында джиу- джитсудың комбат түрінен БЖСМ-нің ашық турнирі өтті. Сайысқа Текелі қаласы мен қаламыздың спорт мектептерінен 6 команда, 150-ге жуық спортшы қатысты.


Шарада сөз алған қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қапалбай Әділбеков: 
– Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, джиу-джитсу спортын дамыту мақсатында және Жастар жылына орай бүгінгі доданы ұйымдастырдық. Джиу-джитсу спорты өңірімізде қарыштап дамып, Қазақстанның Көк байрағын әлемге желбіретіп жүрген спортшыларымыздың қатары күннен-күнге артып келеді. Сондықтан бүгінгі дода біз үшін айрықша. Өйткені, Көк Туымызды желбіретіп, абыройымызды асқақтататын спортшылар осындай қалалық жарыстарда анықталады. Бүлдіршіндеріміздің арасынан ертең әлемдік ареналарда ел намысын қорғайтын спортшылар шығарына сенімім мол, – дей келе еліміздің болашағы өскелең ұрпақ екенін айтып, спортшыларға сәттілік тіледі. 

Осыдан кейін жарыс басталды. Балуандар әр салмақ бойынша өзара мықтыны анықтады. Жоғары дайындықпен келген жасөспірімдер татами төрінде үздік өнерімен танылып, жұртшылықтың көңілінен шыға білді. Әсіресе, алғаш жарыс жолына шыққан спортшылардың бозкілемдегі шабысы көңіл толтырады. Шашасына шаң жұқпай ақтық сынға өткендердің кездесулері тіптен ерек. Дода десе ішкен асын жерге қоятын көрермендер де балдырғандарға жігер беріп, қызу қолдап отырды. Жауырынын жерге тигізгісі келмеген жас балуандардың сайысы тартысты болды. Нәтижесінде білек күші мен әбжіл әдіс арқылы қарсыластарын қоғадай жапырған жеңімпаздар Мақтау қағазы, медальдармен марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша Талдықорған қаласының БЖСМ-нің спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 3 қола медальді жеңіп алды.

Айдар ҚАЛИЕВ

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

11 қараша 2026
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

10 қараша 2026
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

10 қараша 2026
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

10 қараша 2026
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

10 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.