Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАТТЫҒУҒА КӨҢІЛ БӨЛ

17 шілде 2021
КҮЛТӨБЕ
ЖАТТЫҒУҒА КӨҢІЛ БӨЛ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұзақ уақыт бойы дене шынықтырумен айналыспаған адам ауыр жұмыс істеп, денесіне күш түсірсе денесінің ауыратынын жақсы біледі. Себебі бұл ауру 5-6 сағаттан кейін басталып, келесі күні артады. Неліктен деп ойласаңдар? Қарқынды жұмыс кезінде бұлшық ет анаэробты режимде жұмыс істеп, оттегі жетіспеушілігінің салдарынан энергия қорын жұмсайды. Анаэробты процесстің соңғы өнімі – сүт қышқылы болғандықтан, егер түсетін күш орташа болса, сүт қышқылы бұлшық еттен қан арқылы шығады. Ал күш ауыр болатын болса, сүт қышқылы бұлшық еттен шығып үлгермей, жүйке ұштарын тітіркендіреді. Сондықтан бұлшық еттеріміз ауырады.


Біз дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері осы жағдайды ескере отырып, оқушыларға мынадай кеңес береміз және жаттығу істетеміз.

 Дене шынықтырумен үнемі шұғылдану керек. Мұндай ауру ұзақ уақыт спортпен шұғылданбай, аз уақытта денесіне қарқынды күш түсірген адамда болады. Сондықтан қалыпты жаттығу жасап денені машықтандыру керек. Сонда ғана ауру сезілмейді. 

 Бірінші күні денеге бірден ауыр күш түсірмеу керек. Күшті біртіндеп арттыру керек. Көп адамдар жаттығудан кейін дененің ауруын қалыпты жағдай деп санайды. Алайда белгілі бір ауру ағзада белгісіз жағдайдың орын алғанын білдіреді. Яғни бұлшық еттерге шамадан көп күштің түсуін байқатады.

 Жаттығу алдында денені қыздыру керек. Егер бұған дейін дене ауырып тұрған болса, ешқашан жаттығуды тоқтатпау керек. Өйткені жаттығу жасау ағзадағы зат айналу процесін жылдамдатады. Сондықтан жаттығу қарқынын ғана азайту қажет. Денеге массаж жасау, душ қабылдау – жаттығу барысында жиырылған бұлшық еттерді сергітеді. Мол су ішу – зат алмасу процесін жақсартып, қажетсіз өнімдерді денеден бөліп шығаруға көмектеседі.

Осындай кеңес беру арқылы біз мектеп жасындағы оқушыларды жаттығуға бейімдейміз. Баланы жас күнінен бастап, дене жаттығуын жасауға икемдеген дұрыс. Сол кезде бұлшық еттері қатайып, қалыпқа келеді. 

Еркебұлан Таласбаев,
№2 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Талдықорған қаласы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.