Талдықорған: +32°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖАУЫНГЕР ТЕМІРХАН БӘКІРОВ ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІК

11.05.2019
КҮЛТӨБЕ
ЖАУЫНГЕР ТЕМІРХАН БӘКІРОВ ЖАЙЛЫ ЕСТЕЛІК
WhatsAppTelegramFacebook

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 74 жыл болғанымен соғыс салған тауқымет әлі де ұмытылмай келеді. Жуық арада ұмытылмақ та емес. Олай дейтініміз, қаншама отбасы өз ардақтыларын әлі күнге дейін сағынышпен еске алады, қаншама ұрпақ архив деректеріне зер салып, әкелері мен аталарының тым болмаса бір дерегін білгісі келеді. Қайда жерленгені белгілі болса, қабіріне туған жерінің бір уыс топырағын жеткізіп, рухын ардақтап, перзенттік борыштарын өтейді. Сол қатарда Бәкіровтер әулеті де сұм соғыста шейіт болған Темірхан аталарын бүгінде аса бір сағынышпен еске алады. 

Бәкіров Темірхан 1917 жылы желтоқсан айының 20-да Алматы облысының Жамбыл ауданында, қазіргі Саурық батыр ауылының аумағында дүниеге келді. «Тектіден текті туады, атаның жолын қуады» демекші, бекзат бабалардың ұрпағының, асылдың сынығының, тектінің тұяғының да тегіне тартпай қоймасы анық еді. Бұлайша тұжырымдап отырған себебіміз, дүниеге келген шекесі торсықтай ұлдың әкесі Бәкір Сыпатайұлы атақты Саурық батырдың немересі болса, анасы Үкіжан Малыбайқызы жыр сүлейі, «Айтыс ақындарының алтын діңгегі» атанған Сүйінбай ақынға немере болып келетін. 
Жас өрен 1924-1925 жылдары Саурық батыр ауылындағы мешітте арабша білім алып, одан кейінгі жерде Қарақыстақ орталау мектебінде оқиды. 1932-34 жылдары Алматы қаласындағы сауда техникумын бітіргеннен кейін Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының дайындық сыныбына  түседі. Институт табалдырығын аттаған қадамы құтты болып, 1939 жылы осы институттың қазақ тілі және әдебиеті факультетін үздік бітіреді. Институтта белгілі ғалымдар Мұхтар Әуезов, Сәрсен Аманжолов, Смет Кеңесбаев, Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, Төлеген Тәжібаев, Серғалы Толыбеков, Алексей Зиновьев, Митрофан Сильченко, Александр Лынишевскийлерден дәріс алады. Студенттік өмірінің төрт жылында топтың жетекшісі болып, белсенділігімен танылғанын да айта кеткен жөн. 
Білімге деген ерекше құштарлығымен, алғырлығымен ерекшеленген студенттің болашағынан оқытушылары да үлкен үміт күткен болатын. Содан кейін де талапты жас оқу бітіргеннен кейін институттың аспирантурасына қазақ тілі мамандығы бойынша қабылданады. Онда 1941 жылдың тамыз айына дейін оқиды. Бір мезгілде КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесінде кіші ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс істеп, өзінің шығармашылық ізденісімен ғалымдар арасында ерекше құрметке ие болады.  
Соғыс басталған жылдан 1942 жылдың маусым айына дейін Қызылорда қаласындағы Қорқыт атындағы педагогикалық институтта аға оқытушы қызметін атқарады. Бұл оқу орнында да студенттердің тіл білімін еркін меңгеруіне қомақты үлес қосады. 
Темірхан Бәкіров 1942 жылғы маусым айының 16-сы күні әскерге алынып, № 48 армияның жеке атқыштар ротасы құрамында лейтенант шенінде ұрысқа араласады. Табиғатынан қайсар да батыл жауынгер ердің ері сыналар қанды ұрыстарда үнемі алғы шептен көрініп, алғырлығымен танылады. 
Бөлімше командирі 1944 жылғы 2 ақпанда кезекті бір  алапат ұрыс кезінде қаза табады. Денесі бұрынғы Паричи ауданының Михайловка деген деревнясының қасында жерленген. Қазіргі таңда аудан картасында жоқ Михайловка деревнясы орналасқан жер бүгінде Гомель облысының Светлогорский ауданындағы Полесье селолық кеңесінің аумағында.
Қаза тапқан жауынгерлердің сүйектері жоғарыда айтылған себептерге байланысты Михайловка ауылының төңірегінен Гомель облысы, Светлогорский ауданының Язвино деревнясындағы бауырластар зиратына қайта жерленіпті. Бұл әскери құжатта № 3807 әскери жерлеу деп белгіленген. 
Темірханның әкесі Бәкір 1940 жылдың 20 наурызында өмірден озды. Шешесі Үкіжан 1977 жылғы 8 желтоқсанда қайтыс болды. 
Інісі 12.12.1922 ж. туған Кемел Бәкіров те № 774 атқыштар полкінің құрамында Минск қаласының маңындағы соғысқа қатысқан. Полк командирі Безбородов немістердің екі мергенін тұтқынға алып, оларды полкке алып келгені және басқа да ерліктері үшін оған алғыс жариялап, наградаға ұсынған екен. Өкініштісі, награда Кемелге берілмеген. 
Кіші інісі 02.01.1927 ж. туған Нұртілеу Бәкіров қазір Алматы қаласында тұрады. Елге сыйлы, қадірменді қария. 
Жауынгер Темірхан 1939 жылғы қазан айында Ұлтуған Сейсенбайқызымен тағдырын қосыпты. Сол жылға тамыз айында дүниеге ұл бала келген. Бірақ, нәресте алты айлық кезінде шетінеп кетеді. Көп уақыт өтпей анасы Ұлтуған да дүниеден өтіп, өзі туып-өскен Қарақыстақ ауылында жерленеді.
Осы мақалаға қосымша ретінде Бәкіров Темірханның 25 жасында майдан даласынан жазған «Елге сәлем» атты өлеңінің үзіндісін жариялап отырмыз.

«Ғылымды шын жаныммен едім сүйген.
Ғылымпаз бірер жылда болмақ едім,
Иісі келді соғыстың бықсып күйген.
Сонымен жастық өмір өтіп кетті,
«Оқу-оқу» деп жүріп көрмей көпті.
Енді көрем дегенде нәтижесін,
Соғыс өрті тұтанып келіп жетті.
Жылы еді қырық бірінші, маусым айы,
Өзгерді осы айда елдің жайы.
Соғысқа жалпы жасты ала бастап,
Талайдың қала берді қалқатайы.
Оқуды қоя тұрып қызмет кеттім,
Қаласына Қызылорда барып жеттім.
Үйретіп жас түлекке білім беріп,
Миуалы ел ішіне жеміс ектім.
Зымырап тағы бір жыл кетті өтіп,
Маусымы қырық екінші жыл келді жетіп.
Мен-дағы мұғалім боп жүре алмадым,
«Жауынгер болсам» деген ойға кетіп.
Тең құрбымнан айрылып мен қалғанда,
Кімге тұтқа боламын бұл жалғанда?
«Әскерге бір жыл болды неге алмайды?» деп,
Өкініп, болып жүрдім мен арманда.
Жөнді батпай жүруші еді ішкен асым,
Жиырма бес – дәл сол жылы келген жасым.
Маусымның он төрті күні шақырту алып,
Өрмеледі өрге қарай менің тасым.
Маусымның он алтысы дәл сол жылы,
Саналады күн болып маған ұлы.
Мініп ап «қара тұлпар» жөнелгенде,
Қоштасты Қызылорда сыңсып сыры.
Сырдария түріп құлақ тоқтағандай,
Сыңси ма әлденені жоқтағандай.
Батыста су орнына қандар ағып,
Күннің көзі қып-қызыл шоқтанғандай», – деп жырлапты батыр бабамыз.
Батырдың ұрпақтары бабаларын үнемі еске алып, рухына тағзым етуде. Құран бағыштап, тіршілікте атқарған еңбегі мен майданда көрсеткен ерлігін мүмкіндігінше көпшілікке паш етіп отырады. Осынау сауапты істің де нәтижесі шығар, Бәкіровтер әулеті бүгінде өсіп-өніп, еліміздің түкпір-түкпірінде тер төгіп жүр. 
Темірхан аға жерленген бауырластар зиратына 2014 жылғы 29 қыркүйекте немерелері Жеңіс пен Саян Бәкіровтер арнайы барып, туған жері – Жамбыл ауданының Саурық батыр ауылы аумағындағы Ақжардан бір уыс топырақты қабір басына жеткізді. Ержүрек жауынгердің рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Жатқан жерінің топырағын елге алып келіп, жауынгер бабаларына арнайы ескерткіш орнатты.  2015 жылғы 9 мамырда ас берді. 
Зымырандай зырлаған уақыт қашан тоқтаған? Ойлап отырсақ, содан бері де біраз жыл өтіпті. Ұрпақтары жауынгер бабаларының есімін биыл да ардақтап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шөберелері мен бауырлары баба ескерткішіне бас иіп, өшпейтін ерлікті тағы бір мәрте еске алды.  «Ел үшін жасалған ерлік ешқашан ұмытылмайды» деген осы шығар.  
Туған жер мен елге деген сүйіспеншілігін білдіріп, ата-бабаларын құрметтеп, ерліктерін мақтан тұтқан Бәкірдің немерелері мен шөбере, шөпшектері Смет, Жеңіс, Сәкен, Саян, Бауыржан, Мақсат, Асқат, Санжар, Ізбасар, Темірхан, Алтай, Батырбек, Бексұлтан, Абай, Талғат, Алмат, Қайрат, Болатбек, Бақыт, Бейбіт, Алмас, Дінмұхаммед, Дулат, Дәулет, Нұрмұхаммед, Саурық, Рамазан, Арслан, Қайсарлар аталарының өмірінің жалғасындай болып, бұл күндері өсіп-өніп, тәуелсіз елдің өркендеуіне үлестерін қосқанының өзі бабаларына деген құрмет іспетті. 

Күмісжан БАЙЖАН,
ҚР Мәдениет қайраткері
Жамбыл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026
ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.