Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛҒАЙ

21 тамыз 2019
КҮЛТӨБЕ
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛҒАЙ
WhatsAppTelegramFacebook

Салтанат сарайында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен кәсіби мереке – Спорт күні аталып өтті. Салтанатты шараға облысымыздың талантты спортшылары, спорт ардагерлері және спорт мекемелерінің директорлары жиылды. Арнайы жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан ДҮЙСЕМБІНОВ қатысты.


Жиынды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев жүргізді. Басқарма басшысы ең алдымен салтанатты шараға жиылған спортшылар мен бапкерлерді, спорт ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтап, жақсылық тіледі. Одан кейін Жетісу спортының жетістіктері жайында арнайы дайындалған бейнефильм көрсетілді.

Облыста спорт саласы бойынша көрсеткіш жоғары. Нақтырақ айтқанда, төрт жылда бір болатын жазғы спартакиада ойындарында біздің майталмандар жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, қоржынға 60 медальді тоғытты. Саңлақтар республика бойынша қола жүлдені жеңіп алды. Бұл – біздің республика бойынша жазғы спартакиада ойындарында қол жеткізген алғашқы табысымыз. Одан бөлек, Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігіне ие болған спортшыларымыз да бар. Жетісулық садақшылар үш бірдей жолдаманы жеңіп алды және командалық есепте тағы бір жолдаманы қоржынға түсірді. Сондай-ақ, жуырда ғана паралимпиадалық ойындардан өткен әлем чемпионатында пауэрлифтингтен өткен бәсекеде Раушан Қойшыбаева тамаша өнер көрсетіп, жолдамаға қол жеткізді. Ұлттық спортта да бағымыз жанып отыр. 140 шақырымды 7 сағатта бағындырған Рүстем Досжановтың сәйгүлігі дара келіп, әлем бойынша тұңғыш рет рекордтар кітабына еніп отыр. 

Осындай жетістіктерді саралап өткен Нұрбақыт Молдахметұлы кезекті марапаттау сәтіне берді. Үздік өнер көрсеткен спортшылар мен қажырлы еңбек еткен бапкерлер, ақыл-кеңесі мен тәжірибесін жастардың бойына сіңірген ардагерлер арнайы Құрмет грамотасына, Алғыс хаттарға ие болды. Ардагер спортшы Сағындық Қасымжанов, жоғары спорт шеберлігінің директоры Нұркен Нұратов, Еңбекшіқазақ ауданы спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков, гандбол мектебінің директоры Дархан Әшіров және волейболшы Катерина Татко облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, арнайы Алғыс хат пен облыстық «Нұр Отан» партиясының марапатына ие болғандар көп. Сонымен қатар, талай жыл бозкілемде тер төгіп, кейін спорттық мансабын бапкерлікке ауыстырған Аман Бұғыбаев Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 

Марапаттау сәтінен кейін сөз алған Сұлтан Дүйсембінов барлық спортшылар мен бапкерлерді  кәсіби мерекесімен құттықтап, жеңісті күндердің көп болуын тілесе, спорт ардагері Әкешай Жайлаубеков облыс басшылығы мен спорт басқармасына қамқорлықтары үшін алғысын білдіріп, ақжарма тілегін арнады. Жиын соңында естелік суретке түсіп, мерекелік қуанышпен тарқасты.

Әмір САНА

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

Бүгін, 17:02
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Бүгін, 15:06
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

Бүгін, 14:46
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

Бүгін, 14:45
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Бүгін, 14:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.