Талдықорған: +19°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында ауылдарды газдандыру жұмыстары жалғасуда

05.11.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісу облысында ауылдарды газдандыру жұмыстары жалғасуда

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында көгілдір отын тағы үш ауылдық елді мекенге жеткізілді. Ескелді ауданының Теректі, Ақтасты және Қайнарлы ауылдарының 1800-ден астам тұрғыны табиғи газға қол жеткізді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы Ескелді ауданындағы 33 елді мекеннің 21-і газдандыруға жатады, солардың 19-ы – Қарабұлақ, Бақтыбай, Елтай, Алдабергенов, Жаңалық, Өтенай, Сырымбет, Қаратал, Шымыр, М. Байысов, Ешкіөлмес, Жетісу, Екпінді, Абай, Жастар, Өрқусақ және енді Қайнарлы, Теректі, Ақтасты ауылдары көгілдір отынмен қамтылған.

Қазіргі уақытта Көкжазық және Жалғызағаш ауылдарында газ тарату желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, аудан тұрғындарының өтініштерін ескеріп, газдандыру схемасына енбеген үш елді мекен – Теңлік, Биғаш және Жеңдік ауылдарын газдандырудың жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Құрылыс-монтаж жұмыстары келесі жылы басталады. Соның нәтижесінде келесі жылдың соңына қарай аудандағы 24 ауыл газдандырылып, 47,3 мың адам немесе аудан халқының 93 пайызы көгілдір отынға қол жеткізеді.

Газдандыру жұмыстары аясында алғашқы болып мердігер ұйымның күшімен Қайнарлы ауылында тұратын көпбалалы ананың үйі газға қосылды.

– Бұл — біз үшін зор қуаныш. Үйде газдың болғаны – үлкен көмек. Енді балалар тоңбайды, үй шаруасын атқару да әлдеқайда жеңілдейтін болды. Соның арқасында балалардың тәрбиесіне көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік туады. Осы істі жүзеге асырған жандарға алғыс айтамын, – деді алты баланың анасы Гүлім Тобықбаева.

Ауылдың тағы бір тұрғыны, 77 жастағы Қаршыға Сақаева да пікірін білдірді. Ол он бір бала тәрбиелеп өсірген. Ауылға табиғи газ келді деген жаңалықты қуана қабылдағанын айтты:

– Өмір бойы үйді көмірмен жылытып келемін. Бір маусымда көмірдің өзіне жүз мың теңгеден астам қаражат кетеді. Газ әсіресе егде жастағы адамдар үшін өте қолайды. Енді үйіміз жылы, таза әрі жайлы болады. Ең бастысы жылу қамымен сонша әуреге түспейтін болдық, – деді ол.

Айта кетейік, үш ауылды газдандыру жұмыстары аясында жалпы ұзындығы 48,4 шақырым болатын газ құбыры тартылды.

– Президенттің тапсырмасына сәйкес Жетісу облысында газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін газдандыру деңгейі 72 пайызға жетеді. Ал облыс құрылған кезде небәрі бес елді мекенде ғана табиғи газ болған еді. Табиғи газ – отын түрлерінің ішіндегі экологиялық жағынан ең тазасы. Ол көмір мен дизель отынына қарағанда қоршаған ортаға зиянды қалдықтар шығармайды. Сонымен қатар бұл отын түрін сақтау үшін арнайы орын қажет емес, пеш жағу мен тазалауға кететін уақыт та үнемделеді. Жалпы табиғи газ халықтың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Бекетаев.

Қатысты жаңалықтар

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

РИЭЛТОР: кәсіп пе, жауапкершілік пе?

25.04.2026
Кибербуллинг:  көрінбейтін жара

Кибербуллинг: көрінбейтін жара

25.04.2026
Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

Жетісуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 OZEN» акциясы өтті

25.04.2026
Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

Табиғатқа жанашырлық – ортақ міндет

25.04.2026
Ақынның қаршығасы

Ақынның қаршығасы

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.