Жетісу облысы әкімінің өкімімен Сәкен Ғалымұлы Түкібаев облыстық туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Сәкен Ғалымұлы Түкібаев 1991 жылы туған. Білімі жоғары: Қазақстан-Британ техникалық университетін «автоматтандыру және басқару», Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «қаржы», сондай-ақ ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару, өңірлік даму» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Ол Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын Астана қаласында «МұнайГаз инжиниринг компаниясы» ЖШС-де инженер болып бастаған. Кейін Талдықорған қаласындағы «ТАТЭК» АҚ экономисі, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті директорының орынбасары, Премьер-Министр Кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының орынбасары, Жетісу облысының туризм басқармасының басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2024 жылдың ақпан айынан бастап Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет еткен.





