Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда Ата Заңның 30 жылдығы аясында халыққа тегін заңгерлік кеңес беріліп, жасөспірімдерге жеке куәлік табысталды

29.08.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда Ата Заңның 30 жылдығы аясында халыққа тегін заңгерлік кеңес беріліп, жасөспірімдерге жеке куәлік табысталды
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің Конституциясы күні қарсаңында Жетісу облысында азаматтарға тегін заңгерлік кеңес берілді. Сол сияқты 16 жасқа толған азамататтарға жеке куәліктері салтанатты түрде табыс етілді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Талдықорғандағы Жетісу облысының Кәсіпкерлер палатасының ғимаратында облыстық қоғамдық даму және әділет департаменті бірлесіп халықтың құқықтық сауатын арттыру мақсатында тегін заңгерлік көмек көрсету шарасын ұйымдастырды. Мұнда кез келген азаматтың еліміздің заң қоғамдастығы өкілдерінен тегін консультация алуына мүмкіндік жасалды. Бұл шараға адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік және құқық қорғау органдардың басшылары және басқа да жауапты органдар қызметкерлері, жалпы саны 40 маман жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй, жер, әлеуметтік көмек т.б. мәселелер бойынша заң көмегіне жүгінген.

– Осы шараға алдын ала хабарландыру беріп, көпшілікті құлағдар еттік. Соның нәтижесінде бүгін 100-ге жуық адам келіп, консультация алды. Жалпы облыстық әділет департаменті жыл басынан бері осындай 12 шара ұйымдастырып, 7 мыңға жуық адамға тегін заңгерлік кеңес берді. Мұндай бастамалар тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға, олардың мәселелерінің заң аясында шешілуіне оң ықпалын тигізеді, – дейді облыстық әділет департаментінің басшысы Ержан Еркенов.

Келушілер мұндай игі шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілек айтты.

– Құқықтық тұрғыда кеңес алу үшін адвокатқа жүгінуге, мемлекеттік органдар өкілдеріне жолығып, мәселенің мәнісін сұрап білуге мүмкіндігіміз бола бермейді. Осындай заңгерлік кеңес алаңын жиі ұйымдастырып тұрса, қарапайым халыққа өте тиімді болар еді. Өзім тиісті мамандарға жүгініп, қажетті кеңес алдым, – дейді қала тұрғыны Бектеміс Бектұрғанов.

Тағы бір тұрғын мамандарға өзінің сауалдарын қойып, мәселенің мәнісін біліп қайтқанын айтады.

 – Мен II топтағы мүгедекпін. Зейнетке шығуға жасым келіп қалды. Соған орай нақты қандай құжаттар қажет, құжаттарды қашан, қайда апарамын деген сияқты одан басқа да сауалдарымның жауабын біліп қайтып барамын, – дейді талдықорғандық Ұлболсын Нұрсапаева.

Тағы бір мерекелік шара, осы күні #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджі аясында Талдықорған қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында 15 жасөспірімге жеке куәлік табысталды. Бұл шара жай ғана құжат беру рәсімі емес, жастардың қоғам алдындағы міндетін сезіндіретін ерекше сәт болды.

Өзге де тұрғыластарымен бірге қолына құжат алғандардың бірі талдықорғандық Ерен Тұрсынақын:

– Мен бүгін Конситуция күні қарсаңында ерекше айтулы сәттің куәсі болдым. Құрдастарыммен бірге жеке куәлікті салтанатты жағдайда алып, өзімді елімнің толыққанды мүшесі ретінде мақтанышты сезімді бастан кешіп тұрмын. Бізге Конституция кітабы мен Абайдың қара сөздері жинағын сыйға тартты. Бұл сонымен қатар азаматтық үлкен жауапкершілік екенін де білемін. Заңды құрметтеуге, өзімді жеке тұлға ретінде дамытуға, жақсы маман болуға бар күш-жігерімді жұмсаймын, – дейді ол.

Жыл басынан бері Жетісу облысында 7214 жасөспірімге жеке куәлік табысталды, оның ішінде аталған челлендж аясында 40 жасқа ресми түрде тапсырылды.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.