Талдықорған: +25°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда Балқаш пен Алакөл жағалауын тазалайтын коммуналдық кәсіпорындар құрылуда

19.11.2025
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда Балқаш пен Алакөл жағалауын тазалайтын коммуналдық кәсіпорындар құрылуда

Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Президенттің тапсырмасы бойынша Жетісу облысында Балқаш және Алакөл көлдерінің жағалау аймағын күтіп ұстау қызметімен айналысатын коммуналдық кәсіпорындар құрылуда. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев туристік әлеуеті үлкен Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

— Панфилов ауданы – туристік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі.  Ауданда 28 туристік нысан жұмыс істейді, онда биылғы жылдың 1-жартысында 18 мың келушіге қызмет көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 4,7%-ға артты. Бұл ішкі және шетелдік туристердің аймаққа деген қызығушылығының артуын көрсетеді. Ауданда «Жаркент Мешіті», Әулиеағаш, сондай-ақ Керімағаш пен «Жаркент-Арасан» шипажайлары сияқты туризмді дамытуға қолайлы жерлер болғандықтан, туристер легін көбейтуге болады. Осы орайда туризмді одан әрі қарқынды дамыту мақсатында облыста Туризм басқармасы құрылды, оған қоса 5 ауданда туризм бөлімі ашылды. Соның бірі – Сіздердің ауданда. Бөлім келесі жылдан бастап толыққанды жұмыс істейтін болады, — деген өңір басшысы Алматы өңірінен демалушыларға «Алматы-Қорғас» автожолымен келуге қолайлы жағдай жасалғанын, биыл «Сарыөзек-Көктал» облыстық маңызы бар автожолы жөнделіп, Талдықорған жақтан келетін туристер үшін де жол жағдайы жақсарғанын атап өтті.

Жаңадан құрылған «Балқаш Тазалық» және «Алакөл Тазалық» кәсіпорындары Балқаш және Алакөл жағалауларын тазалау, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, қоғамдық санитарлық тораптарды күтіп ұстау, көше жарықтандыру жүйесіне қызмет көрсету, тротуарлар мен жол бөліктерін тазалау, аумақтарды көгалдандыру сияқты бірқатар нақты міндеттерді атқарады. «Алакөл Тазалық» коммуналдық мекемесіне 40-тан астам, «Балқаш Тазалыққа» 20-дан астам штат беріледі. Ал маусымдық кезеңде қосымша жұмысшылар тартылады. Мекемелердің әрқайсысына 20-дан астам арнайы техника сатып алу жоспарланып отыр. Бұл тізімде бульдозер, экскаватор, автогрейдер, трицикл, қоқыс тасығыш, автогидрокөтергіш, жүк көліктері, қайық, автокран т.б. арнайы техникалар бар. Мұндай коммуналдық мекемелердің жұмысы көл жағалауларының санитарлық жағдайына оң ықпал ететін болады.

Жалпы, Жетісу облысында Балқаш және Алакөл көлдері жағалауының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда.

Атап айтқанда, Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағы жаңартылды. «Талдықорған – Үшарал», «Үшарал – Достық» автокөлік жолдарын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Ақши ауылында кәріз жүйесінің құрылысы бітіп, кәріз тазалау нысаны салына бастады. Бескөлден Ақшиге дейін ұзындығы 56 шақырымнан астам 110 КВт электр желісі тартылып, қосалқы станциялар салынды. Жағалауды бекіту жұмыстары жалғасуда.

Сол сияқты Балқаш жауғалауында бей-берекет құрылысқа жол бермеу мақсатында Балқаш жағалауы аймағының егжей-тегжейлі жоспары әзірленген. Бұған дейін Лепсі ауылынан Балқаш жағалауына дейінгі жол жасалып біткен болатын. Ал биылғы жазғы маусымда «Алматы – Өскемен – Лепсі — Ақтоғай» автокөлік жолы көлік қатынасы үшін ашылып, қазір абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Балқаш жағалауында инженерлік-коммуникациялық желілер тартылуда. Атап айтқанда 9,3 км жағалау жолы, 32 км су желісі, 17 км кәріз желісі, 36 км электр желісі салынады.

Қатысты жаңалықтар

300 мың бала алимент күтуде: Қазақстандағы берешек мәселесі

300 мың бала алимент күтуде: Қазақстандағы берешек мәселесі

22.04.2026
Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандық: елге қайтарыла ма?

Дубайда өмір бойына сотталған қазақстандық: елге қайтарыла ма?

22.04.2026
Телефоныңыз «толды» деген хабарламаға сенбеңіз – жаңа алаяқтық тәсіл!

Киберқылмыскерлер iPhone пайдаланушыларын қалай тұзаққа түсіруде?

22.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық стратегиямыздың негізгі арқауы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық стратегиямыздың негізгі арқауы

22.04.2026
Жер күніндегі маңызды үндеу: Президент экологияны адамзат тіршілігінің түп негізі деп атады

Жер күніндегі маңызды үндеу: Президент экологияны адамзат тіршілігінің түп негізі деп атады

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.