Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бастаған делегация ҚХР-ға жұмыс сапарымен барды

30.05.2023
КҮЛТӨБЕ
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бастаған делегация ҚХР-ға жұмыс сапарымен барды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу мен Қытай Халық Республикасының Іле-қазақ автономиялық облыстары арасындағы достық және сауда-экономикалық қарым-қатынас одан әрі нығая түспек. Бұл жөнде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бастаған делегацияның ҚХР-дағы жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Сапардың алғашқы күнінде делегация Қорғас қаласындағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындарды аралап, компаниялардың жұмысымен танысты. Әрі инвестициялық мүмкіндіктерін бағамдап, әріптестік байланыс орнату аясында келіссөздер жүргізді.

«Қорғас 5G» — Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы ең ірі және бірегей интеллектуалды-логистикалық порт. Жоба 2021 жылы іске қосылған. Жалпы құйылған инвестиция көлемі — 300 млн юань, яғни, 2 млрд теңге шамасында. Аумағы 50 мың шаршы метрден асатын портта негізінен тауар қоймалары мен дүкендер орналасқан. Бұл жерден Қазақстанның «Нұр жолы» өткізу бекеті арқылы ауыл шаруашылығы тауарлары мен техникалары және электромобильдер бірқатар Азия елдеріне жөнелтілуде. Оған қоса жылына 100 мың тоннаға дейін ет өнімдерін импорттайды.

Сондай-ақ Қорғаста «Jinyi International Trade» компаниясының 20 мың тонналық қоймасы орналасқан. 270-тей адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөністерді Қазақстан, Ресей және Өзбекстан секілді 5 мемлекетке экспорттайды. Осы ретте облыс әкімі Бейбіт Исабаев компания басшылығына «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА аумағында қойма салу туралы ұсыныс айтты:

— Егер біздегі арнайы экономикалық аймақта осы секілді қойма алаңын салуға ниет білдірсеңіздер, біз өз тарапымыздан қажетті қолдау көрсетеміз. Жеміс-жидек пен көкөністі тасымалдау жағы да ыңғайлы, — деді Бейбіт Исабаев. Өз кезегінде компания басшысы Ю Ченчжун ұсынысты қабыл алатынын жеткізді.

Делегация өкілдері электрондық тауарлар шығаратын кәсіпорында да болды. Мұнда қазір 200-ден астам адам еңбек етеді. Олар электромобильдерге арналған микрочиптермен қоса, жарық ленталары, шағын газ плиталары секілді жалпы саны 300-ге жуық өнім түрін шығарады. Кәсіпорынды аралап көрген өңір басшысы чип өндірісіне қолданылатын кремний Жетісу облысында да бар екенін және қажет болған жағдайда экспорттауға болатынын айтты.

Жалпы, Жетісу өңірі секілді Іле Қазақ автономиялық облысы да негізінен аграрлық өңір саналады. Заманауи жылыжай кешендері көп. Соның бірі ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологияларының индустриялдық паркінде орналасқан. Онда тамшылатып суару әдісімен тауарлы қызанақтың түр-түрі өсіріледі. 7 гектар алқаптан 9 ай бойы тоқтаусыз 3200 тоннаға дейін өнім алуда.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев дәл осындай технологиямен Жетісу облысында жылыжай кешенін салу туралы ұсыныс айтты. Өйткені аймақтың мүмкіндігі мол. Автомобиль және теміржол қатынасы арқылы Қазақстанның шығыс бөлігіндегі жалпы саны 6-7 млн. халқы бар 5 бірдей аймақты көкөніспен қамтуға болады. Ал компания өкілдері ұсынысты қарастыратындарын жеткізді. Әрі қажет жағдайда тиісті мамандарды оқытып, дайындауға әзір екендерін білдірді.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол» акциясы. 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026
ЖИ: Прокуратура қызметкерлері цифрлық әзірлеме ұсынды

ЖИ: Прокуратура қызметкерлері цифрлық әзірлеме ұсынды

05.08.2026
Энергетика секторында ЖИ қалай қолданылады?

Энергетика секторында ЖИ қалай қолданылады?

05.08.2026
Талдықорған жағажайында тәртіп бұзғандар айыппұл арқалады

Талдықорған жағажайында тәртіп бұзғандар айыппұл арқалады

05.08.2026
Талдықорғанда отшашу атқан тұрғын жауапқа тартылды

Талдықорғанда отшашу атқан тұрғын жауапқа тартылды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.