Талдықорған: +31°C
$ 489.39
€ 567.50
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жетісуда масақты дәнді дақылдарды жинау 85% аяқталды

09.09.2024
КҮЛТӨБЕ
Жетісуда масақты дәнді дақылдарды жинау 85% аяқталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында масақты дәнді дақылдарды жинау науқаны аяқталуға таяды. Бүгінгі күнге облыс көлемінде жиналған алқап аумағы 211 мың га немесе 85%, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы облыс көлемінде ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі 510,1 мың га. Оның ішінде масақты дәнді дақылдар 253,1 мың га алқапқа егілсе, соның 98,3 мың га – бидай, 152,1 мың га — арпа.

— Бүгінгі күні облыста масақты дәнді дақылдардың 211 мың га немесе 85% жиналды, 481 мың тонна астық бастырылды, орташа өнімділік гектарына 22,9 центнерден айналуда. Егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Биыл жақсы өнім болады деп жоспарлап отырмыз, — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Аманбек Қасымов.

Мәселен, Сарқан ауданында да егін ору науқаны қазіргі кезде 85% орындалып, бітуге жақындады. Ауданда 117 мың тонна астық жиналған, әр гектардың орташа шығымдылығы 25 центнерден айналып отыр. Бұл ретте аталған аймақта 1500 шаруа қожалығы болса, соның 500-і масақты дәнді дақылдар өсірумен айналысады. Солардың қатарында Алмалы ауылдық округіндегі «Жұмағали» шаруа қожалығы да бар.

Шаруа қожалығының жетекшісі Егемен Жұмағалидың айтуынша, масақты дақылдарды оруды бір ай бұрын бастаған.

— Биыл 1200 гектар жерге бидай мен арпа ектік. Етек жақта егін ору жұмыстарын ақтадық, енді таулы аймақтардағы арпа егістіктерінде жүрміз. Мұнда үш комбайн егін орса, екі КАМАЗ өнім тасиды. Биыл өнім жақсы шықты, орташа есеппен гектарына 25 центнерден айналды. Қазір жұмыстар 70%-ға орындалды, ауа райы ашық, жайлы болса бір аптадан кейін егін орағын толығымен аяқтаймыз. Өсірген өніміміздің бір бөлігін өңдеуге өткіземіз. Мәселен, арпаның «Планета» сортының өнімін Текелі ашытқы зауытына тапсырамыз. Қазір бізде 30-ға жуық адам еңбек етеді, 20 бірлік техникамыз бар, — деді шаруа қожалығының жетекшісі Егемен Жұмағали.

Атап өтсек, облыста агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға биыл 34,9 млрд. теңге бағытталған, соның 23,2 млрд. теңгесі немесе 66,5% — субсидия. Бүгінгі күні жеңілдетілген бағадағы дизель отынымен қамту мақсатында оператор мен 178 шаруашылықтың арасында 3441,1 тоннаға келісім-шарт жасады, соның ішінде 106 шаруа қожалығына жеңілдік бағамен 1388,9 тонна дизель отыны жеткізілді. Сол сияқты өткен 7 айдың ішінде өңірдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 9,1 млрд. теңге болатын 664 бірлік жаңа техниканы «ҚазАгроҚаржы» және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-лары арқылы, сондай-ақ өз қаражаттарына сатып алған. Осы жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі өңірде 514 млрд. теңгеден асады деп жоспарланып отыр.  

 

Фото: Дмитрий Ерофеев

Қатысты жаңалықтар

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

J-league. Кәсіби спортқа бастар жол

17.06.2026
Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

Жетісудың ең тапқыр мемлекеттік қызметшілері анықталды

17.06.2026
«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

17.06.2026
Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

Аида Балаева мемлекеттік тілді оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді тапсырды

17.06.2026
«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

«Жастардың рухани ізденісі: дұрыс жолды қалай табу керек?»

17.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.