Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІСУДЫҢ ЖАУҺАРЛАРЫ

30 қыркүйек 2019
КҮЛТӨБЕ
ЖЕТІСУДЫҢ ЖАУҺАРЛАРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Zhetysu Travel» туристік орталығының  қолдауымен өлкетану-экспедициясы жолға шықты. Екі күндік экспедиция Айғайқұм, Қатытау, Ақтау, Бесшатыр қорғаны сияқты тарихи маңызы бар Жетісудың жауһар жерлерін қамтыды.


Әуелі «Алтынемел»  мемлекеттік ұлтық табиғи пакіне бас сұқтық. Қызметкерлер бізді жылышырай танытып қарсы алып,  жол сілтеушілер белгілінген соқпақтармен аралатып, таныстырды. Әлемге әйгілі «Айғайқұм» табиғи ескерткіші «Алтынемел» мемлекеттік ұлтық табиғи паркінің мақтанышы екенін айтты. Осыдан кейін «Әнші құмға» жол тарттық. Қанша жол жүрсек те бір-бірімен иық тіресіп жатқан, үйілген төбелердің үніне құлақ түрген сәтте шаршағанымыз сап басылды. Әншіқұмның дауысы алыстан құмыға естіледі. Самал желдің әсерінен туған бөгде әуенді естіген балалар аң-таң. «Айғайқұм»  жайлы түрлі аңыздар бар. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан осы құмның үнін есту үшін жолаушылар әдейі ат басын бұрыпты. Гүрілге, гуілге, дүрілге толы үніне қарап «Айғайқұм» деп ат қойса, кейде саз сырнайдай сыңсыған үнін естіп, «Әнші-ақ құм екен!» десіпті. Осыдан барып «Әншіқұм» атанатыны бар. Ән салып тұратын мұндай әуезді құмтөбе дүниежүзінің алты елінде  бар. Десе де, Айғайқұмды тамашалауға туристер ағылып келіп жатыр. Солармен бірге біз де арманымызды айтып тарқастық.

Осыдан кейін ат басын Бесшатыр қорымына бұрдық.  Аты айтып тұрғандай, Бесшатыр бес қорғаннан құрылған. Бұл – көпшіліктің берген анықтамасы. Негізінде, бұл атау кейінгі кезде қорымның ортасындағы қорғандардың біріне қарап айтылыпты. Шындығына келгенде, Шылбыр шатқалындағы қорғандар одан әлдеқайда көп. Жәдігерлердің айырмашылығын ажырату мүмкін емес. Археологтардың еңбегін айрықша айтып кеткен де жөн. Үлкен іздестен табылған рухани қазба байлықтар қазақтың қайдан шыққандығын, қалай өмір сүргендігін айғақтап тұрғандай. Ал біз бабамыз сақтардан қалған сарқыт деп түйдік.

Сонымен қатар ежелгі жанартау атқылауынан пайда болған Қату тауына бардық. Жанартаудан аққан ыстық лавалардың қату әсерінен бұл жерлерде әртүрлі формадағы тастар пайда болған.

Ежелгі теңіздің тартылу әсерінен пайда болған Ақтау таулары бірден баурап алады. Теңіздің тартылу нәтижесінде көптеген әдемі сайлар, шатқалдар пайда болған. Әсіресе, түрлі-түсті түске боялған тау көрінісі көрген адамды басқа әлемге тап болғандай әсерде қалдырады. Бұл жерлерді зерттеу барысында көптеген ежелгі жануарлар мен өсімдіктер қалдықтары табылған.

Екі тәулікке созылған сапардың салтанаты осымен тамам. Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасының жастарға берер пайдасы көл-көсір. Рухани керуен – соның бір айғағы. Ал, Жетісу – рухани өлке. Неге десеңіз, даңқты бабалардың табаны тиген топырақтың құнарлығы мен құндылылығы ақынның жырына арқау болып, мәдениеттің мәйегіне айналды.

 

                                                                           Айдар ҚАЛИЕВ

 

 

Қатысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

«Әділет» партиясы аграрияны әлеуетті етпек

11 қараша 2026
Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

Технологиялық жеңілдіктер: Су өлшеу құралдарын таңдау мүмкіндігі кеңейді

11 қараша 2026
Қазақстан спортшылары Азиадада жүлде қоржынын толықтырып жатыр

Ел спортының жаңа белесі

11 қараша 2026
Жетісуда құрылыс қарқынды

Жетісуда құрылыс қарқынды

11 қараша 2026
Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

Текеліде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді

11 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.