Талдықорған: +34°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЕТІСУЛЫҚ ТОЛАҒАЙЛАР ТОҚМЕЙІЛСІМЕЙДІ

07.08.2019
КҮЛТӨБЕ
ЖЕТІСУЛЫҚ ТОЛАҒАЙЛАР ТОҚМЕЙІЛСІМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан 5-жазғы спартакиада ойындары нағыз қызған шағына жетті. Еліміздің барлық атлеттері алтын үшін барын салуда. Әйтсе де жетісулық зілтеміршілер дес берер емес.


Сынға түскен жерлестеріміздің осалы жоқ. Барлығынан да алтын күтуге болатын спортшылар. Дәл солай да болды. Алғашқы күні төрт алтынға қол жеткізсек, екінші күні үш алтынмен еселей түстік. Сонымен жарысқа кезек берейік. 

Ерлер арасында 67 келіде бақ сынаған Анатолий Савельев ешкімге дес бермеді. Бұған дейін де байрақты бәсекеде атой салып жүрген жетісулық оғлан бұл жолы да жеңісті жұлып алды. Ол қос сайыстың қорытындысы бойынша 296 келіні көтеріп, чемпион атанды. Екінші орынға ақтөбелік Харки Фархад орналасты. Оның еншісінде 295 келі. Үздік үштікті жерлесіміз Сайрамкез Ақмолда құрады. Жас болса да болашағынан көп үміт күттіретін спортшы ересектермен бірдей тайталасқа түсті. 269 келіні көтеріп чемпионаттың қоласын уысына түсірді. 

55 келі қыздар арасында Айгерім Ауелбекті ешкім тоқтата алмады. Қаршадай қыз 168 келіні көтеріп, Алматы облысына тағы бір алтынды сыйлады. Ақмолалық Диана Жүсіпбекова (165 кг) күміспен күптелсе, шығысқазақстандық Диана Абдуллаева 157 келімен қоланы қанағат тұтты. 

59 келі салмақта сынға түскендердің ішінен Зүлфия Чиншанлоның бағы жанды. Дүбірі асқан додалардың алтынын алып қалған жетісулық ауыр атлетші ел чемпионатының да алтынын ешкімге ұстатпады. Ол 210 келіні бағындырса, шығыстық Елизавета Белоусова 180 келімен күміске қол созды. Қола тұғырдан тағы бір жетісулық спортшы қол бұлғады. Гүлнұр Ыбырай 165 келіні еңсеріп, қоланы еншіледі. 

73 келі салмақта Сайхан Тайсуевтің жолына үмітпен қарағанбыз. Өкінішке қарай, зілтеміршіміз жүлдегерлер санатына іліге алмады. Бұл салмақтың алтыны Қостанай облысының спортшысы Ренат Баударбековтың (302 кг.) мойнында кетті. 301 келімен ақмолалық Евгений Сорочинский күмісті алса, шығыстық Владимир Васильев (288 кг.) қоланы қоржынға тоғытты. 64 келі қыздар арасында алтын тұғырға шығыстық Дарья Павлова (203 кг.) көтерілді. Күмісті жерлесіміз Махаббат Серікболқызы (190 кг.) еншілесе, ақмолалық Александра Яковлева (173 кг.) қоланы иеленді. 

71 келіде өнер көрсеткен жетісулық Анжела Чалкрова (205 кг.) алтынды ешкімге бермеді. Ақмолалық Екатерина Столяренко (201 кг.) қанша тырысса да алтынның ауылынан көріне алмай, күмісті қанағат тұтты. Шығыстық Екатерина Быкова (201 кг.) қоланы қанжығаға байлады. 

76 келінің алтыны Алматы облысына тиесілі болды. Алматы қаласының спортшысымен нағыз айқасқа түскен Ольга Пастухова 214 келіні көтеріп, чемпион атанды. Алматылық Арай Нұрлыбекова 213 келімен күміске қол жеткізсе, қола тұғырға қызылордалық Динара Қыпшақбай (181 кг.) жайғасты. 

Осылайша 5-жазғы спартакиада ойындарының үшінші күні Алматы облысының зілтеміршілері 9 алтынды жеңіп алды.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ 

Қатысты жаңалықтар

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

06.07.2026
Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

Әскери бөлімнің 85 жылдығы тойланды

06.07.2026
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Ұлттық бірліктің өзегі

06.07.2026
Қиқымы жерде жатпаған

Қиқымы жерде жатпаған

06.07.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы

06.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.