Талдықорған: +15°C
$ 447.52
€ 502.21
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖИДЕЛІДЕГІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС

16 мамыр 2019
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Құтты мекеніміздің орталығындағы негізгі шаруашылық «Жиделі» кеңшары 1995 жылы  таратылып, жекешелендірілген соң бұрын құрамында болған ауыл тұрғындары  54 шаруа қожалығын ұйымдастырып,   әрқайсысы  өз беттерінше өмір сүру жағдайына көшкен еді. Алғашқы кезде олар нарық талаптарын  түсінбеушіліктің салдарынан  көптеген қиындыққа кезікті. 


Жергілікті ха­лық­тың тұрмыс са­­­пасы мен әл-ауқатын арттыру үшін  сол кездегі агрофир­ма президенті Шың­ғыс Байсынов ағамыз  осы шаруа қожалықтарының  құжаттарын  дұрыстап  жасауға, жекеменшіктің шаруаны қалай жүргізуі керектігін түсін­діріп, бағыт-бағдар беруде көп көмек көрсете білді.  

Бүгінде көптеген шаруа қожалықтары мал басын өз төлі есебінен өсіріп, өнімдерін молайтуда айтарлықтай табыс­тарға қол жеткізді. Кейбіреуінің  шаруа қожалықтарын жаңаша құру­ға бетбұрыс жасап, мал тұқымын асыл­дандырумен  тікелей шұғылдануы да құптарлық бастама. Олардың қата­рында Жандос Әбілдаевтің «Бесағаш»,Хадиша Исағұлованың «Лаурен», Алмат Бекежановтың «Көшек», Бей­сенбек Асқарбе­ков­тың «Балық», Бей­құт Жарқынбаевтың  «Айгерім»  шаруа-қожалықтарының берекелі істе­рін атауға болады.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде алғашқы кәсіпкерлер пайда болды. Ауыл бойынша тұрғындар тұты­натын тауарлар мен азық-түлік өнімдерін саудалайтын алғашқы дүкен ашқандардың бірі  кәсіпкер Қараменде Абиров бүгінгі күні өз кәсібін дамытып, отбасымен бірлесіп жанар-жағармай стансысын салып, автокөлігі барларға қолғабыс тигізуде. Сонымен бірге ауыл орталығындағы ескі дүкеннің ғимаратын қайтадан жаңғыртып, тойхана ашып, тұрғындардың сұранысын өтегеніне халық  алғыс айтуда.  Бүгінде Жиделі ауылы бойынша 14 дүкен жұмыс істейді. Бәрі де тұтынушыларды азық-түлік, өндірістік тауарлармен қамтамасыз етумен бірге сауда мәдениетін де жақсарту талаптарын орындауға берік бекінген десе болады. 

Бүгінде халықтың әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі күн санап жақсара түсуде. Құтты мекеніміз ауылымызды бүгінгі талапқа сай көріктендіріп,абаттандыру мәселесіне ерекше  көңіл бөлудеміз. Соның нәтижесінде ауылымыздың Б. Бейсекбаев, Несіпбаев, Жам­был көшелеріне асфальт төселіп, ағаш көшеттері отырғызылды.

Ауыл  мектебін бітірген  түлектер кездесуге келген  сайын өздері қанаттанған елді мекенді ажарландырып, абат­тануы мен көркеюіне  үлес қосып келеді.   Олардың қолдауы әрі нақты кө­ме­гі­мен ауылдың  кіреберісінде  «Қош келдіңіздер!» деген көрнекті жазу айшықталып, Жиделі  ауылының аркасы, мектеп аркасы, Бақтыораз Бейсекбаевтің мектеп алдындағы ескерт­кіші, Ұлы Отан соғысы ардагер­леріне қойылған монумент, ауыл мешіті, сондай-ақ,  Мәдениет үйінің аула­сы көріктендіріліп,  қазіргі  ортал­ық саябақ қоршауы жасалынды. Міне, осының барлығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ауылдан шыққан азаматтардың демеушілігімен жүзеге асырылуда. 

Соңғы жылдары ауыл­да қазақ күресін  дамытып, жасөспірімдердің салауатты өмір сүруіне септігін тигізіп жүрген  Мұратбек Бейсекбековтің жақсылықтарына ауыл жастары өздерінің ризашылығын білдіруде. Оның кәсіпкер ретінде салып берген техника­лық жөндеу орталығы  автокөлігі бар  ауыл  азаматтарының игілігіне ай­на­лып отыр. 

Халықтың тұрмысын жақсартып, әл-ауқатын арттыру мақсатында  Жиделі өңірінде де көптеген игі шаралар жүзеге асырылып жатыр. Соның бір дәлелі  – ауыл орталығында  заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт  ғимаратының  пайдалануға берілгені. Бұл құрылыс нысанының жұмысын жүргізген мердігер «Алмас М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  құрыш білекті құрылысшыларына ауыл тұр­ғындары шексіз алғысын білдіруде. Жаңа денсаулық сақтау орнында басы ауырып, балтыры сыздағандар үшін қажетті емін алып, сауығуына толық  жағдай жасалған.

Бүгінгі таңда  ауыл тұрғындарының өзекті мәселелері сұраныстарын ше­шуге бағытталған жобаларды жүзеге асыру барысында бұл орайдағы жұмыстардың  одан әрі жақсы жалғасын табатынына сеніміміз  мол.

Жанболат  ҚИҚЫМБАЕВ,
Жиделі ауылының әкімі
Балқаш ауданы

Қатысты жаңалықтар

Төртем дүниеге келді

Төртем дүниеге келді

Бүгін, 20:35
Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.