Қапшағай қаласындағы мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында «Сапалы қызмет» конкурсы өткізіліп, эссе жазудан, бейнеролик түсіруден, буклет жасаудан үздік шыққандар марапатталды.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған «Сапалы қызмет» конкурсын ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті және Қапшағай қаласы әкімінің аппараты бірлесіп ұйымдастырды. Эссе жазып өз ойын анық жеткізу, бейнеролик түсіріп, қоғамға айтар ойды астарлап беру, қолдан буклет жасап, шеберлік таныту сынды аса жауапты бағыттар бойынша жарысқа түскен мамандардың жұмысын Қапшағай қаласы әкімі аппаратының басшысы Б. Дүйсенбаев пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы М. Абылов бағалап, жеңімпаздарды дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Жалпы Алматы облысы бойынша жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша Қапшағай қаласы халықтың қанағаттанарлық деңгейі және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету үлесі бойынша алдыңғы орында тұр.
Сапалы қызмет» конкурсы облыста алғаш рет өткізіліп отыр.




