Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

21 шілде 2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Зылиха Тамшыбай ауылындағы тозығы жеткен Мәдениет үйіне іргетасы қаланғалы бері ешқандай жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Рухани ордада мәдениет залымен қатар кітапхана, спорт залы орналасқан. Енді, міне, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Монолит» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.


Қазіргі уақытта есік, терезе, қабырға, еденді демонтаждау жұмыстары қолға алынған. Алдағы аптада шатыры да ауысып, ішінен жылыландырылмақ. Жөндеу жұмыстарының барысымен участок басшысы Жарылқасын Қисықбаев таныстырып: 
– Демонтаж жұмыстарынан кейін ғимаратты өңдеуге кірісеміз. Сондай-ақ, Мәдениет үйінің сыртқы келбеті де ескерусіз қалмайды. Линеарлық панельді қолдана отырып, жаңаша өң беруге тырысамыз. Одан бөлек, абаттандыру жұмыстарын жасай отырып, алаңға сахна орналастыру жағын да ойластырудамыз, – деді. 
Рухани орданы қайта жөндеу жұмыстарына 40 адам тартылған. Барлығы жұмыспен қамту орталығы арқылы келген ауыл азаматтары. Ең төменгі айлық мөлшері 85 мың теңгені құрайды. 

– Маған орталықтан хабарласып, жұмысқа шақырған кезде қатты қуандым. Өйткені, дәл қазіргі қысыл-таяң уақытта қаражат қажет. Айлығы мен жағдайы да жақсы. Ең бастысы біз өзіміздің туған ауылымызға пайдамызды тигізудеміз. Мәдениет үйінде өз кезінде ата-анамыз бос уақытын өткізсе, аз уақыт  біз де жаңа ғимаратқа жиі келеміз деген сенімдемін, – деген жалдамалы жұмысшы Фархат Мансапбеков өз пікірімен бөлісті. 

Күрделі жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталып, ғимарат қолданысқа беріледі. Құрылыстан соң ғимарат ішінде теннис, бокс, күрес сынды спорт секциялары мен жаттығу залы да ашылады. 

Еңлік МАРҚАБЕКҚЫЗЫ
Көксу ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.