Талдықорған: +21°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жыл басынан бері Жетісу облысына 330,3 млрд теңге инвестиция тартылды

12.11.2025
КҮЛТӨБЕ
Жыл басынан бері Жетісу облысына 330,3 млрд теңге инвестиция тартылды

Дмитрий Ерофеев, Жеңіс Ысқабай

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысы халықаралық серіктестік аясын кеңейтіп жатыр. Қазіргі кезде өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырудың арқасында Сауд Арабиясы, Германия, Бельгия, Чили, ҚХР, Иордания, Пәкістан елдерінің инвесторларымен ынтымақтастық орнатылуда. Жалпы, жыл басынан бері облыс экономикасына 330,3 млрд теңге инвестиция құйылды. Соның 35 млрд. теңгеге жуығы — шетелдік инвесторлардың тікелей инвестициясы, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғандағы көрсеткіштен 3 есеге артық, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінгі күнге өңірде құны 2,9 трлн теңге болатын, 13 мың жұмыс орны құрылатын 110 жобадан тұратын инвестициялық пул құрылған. Олардың ішінде ірілерін атап өтсек, «Шоғырландырылған тау-кен құрылыс комбинаты» компаниясының 2 мың жұмыс орнын құратын металлургия комбинаты салынуда. Сол сияқты «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында германиялық  «Skyhansa» компаниясымен бірлесіп, халықаралық әуежайдың құрылысы қолға алынады. Бұл әуежай жобасында сағатына 500 адамға дейін жолаушы өткізетін терминал салу, 50 мың тонна жүк айналымы мүмкіндігі қарастырылған, сонымен қатар туристік және сауда-ойын-сауық бағытын дамытуға ықпал етпек.

Ал өндіріс және өңдеу салаларында Чили, Пәкістан, ҚХР, Қырғызстан инвесторларының қатысуымен тегістегіш болат шар, газ-бетон блоктарын, еден жабындарын өндіретін зауыттар мен ұн тарту кешені іске қосылады деп жоспарланған.

Баламалы энергия көздері саласының да әлеуеті зор. Бұл саланы дамытуға өңірде күн, жел және тау өзендерінің суы сияқты қажетті табиғи жағдайлар жеткілікті. Атап өтсек, бүгінде Жетісу облысында жалпы қуаттылығы 251 МВт-тан асатын 18 жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысаны жұмыс істеп тұр. Биыл Ескелді ауданындағы Қора өзенінде қуаттылығы 26 МВт болатын Қора су электр станциясы іске қосылды. Сонымен қатар энергетика және жаңартылатын энергия көздері саласында бірқатар жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да жел генераторлары мен энергия сақтау жүйелеріне арналған жабдық өндіретін зауыттың құрылысы, сондай-ақ Қербұлақ ауданында қуаттылығы 110 МВт болатын күн электр станциясының жобасы бар.

– Жетісу облысының инвестициялық саясаты халықаралық әріптестікті тереңдетуге, экспорттық әлеуеті бар өндірістерді дамытуға және экономиканы әртараптандыруға бағытталған. Жалпы өңірде бес стратегиялық бағыт — агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, көлік, логистика, туризм, баламалы энергетика және өнеркәсіп бойынша жұмыс жүргізілуде. Жетісу – Қытаймен шекарасында бес кеден бекеті бар республикадағы жалғыз өңір. Сонымен қатар біздің аймақ арқылы Қытайдан Еуропаға жүк небәрі 10 күнде жеткізілетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық автодәлізі өтеді. Географиялық артықшылықты тиімді пайдаланып, халықаралық әріптестікті кеңейту арқылы біз Бельгия, Германия, Чили, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Иордания сияқты алыс шетелдернің ірі инвесторлармен жұмысты табысты жүргізіп келеміз. Мұның бәрі өңір экономикасына инвестиция тартуға, жаңа өндірістер ашып, жұмыс орындарын құруға, өңір үшін басым секторларда ұзақ мерзімді әріптестік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді, – деді Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов.

Сол сияқты биыл құны 50,6 млрд теңге болатын 25 инвестициялық жоба қолға алынған, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларына қатысты 10 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында өндірістік «Қайнар-АКБ» зауытының аккумуляторлар шығаратын жаңа желісі, керамикалық плиталар шығаратын «Алмаз Керамикс» ЖШС-ның өндірісін кеңейту және басқа да жобалар бар.

— Біздің зауыт облыстағы ең ірі, жүйеқұраушы кәсіпорынның бірі. Мұнда 1200 адам жұмыс істейді. Зауыттың Талдықорған қаласы өнеркәсібіндегі үлесі 33,6% құрап отыр. Мұнда жеңіл және жүк автокөліктерінде, ауыл шаруашылығында, әскери техникада т.б. салаларда қолданылатын аккумулятор батареяларының 50-ден астам түрі шығарылады. Оған қоса жуырда зауыттың резервте қуат беруге арналған үшінші өндірістік учаскесін іске қостық. Жаңа цехтарда жұмыс істейтіндер саны 150 адамға жеткізіледі, — дейді «Қайнар-АКБ» зауытының бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Талғат Қонақбаев.

Атап өтсек, жыл соңына дейін облысқа тартылатын инвестиция көлемі 573 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланған, соның 430 млрд теңгесі бюджеттен тыс инвестиция болмақ.

 

Қатысты жаңалықтар

Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

Достық – экономикалық мүмкіндіктер алаңы

25.04.2026
«Қойтас» эко-саябаққа айналады

«Қойтас» эко-саябаққа айналады

25.04.2026
Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.