Талдықорған: +11°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЖЫЛҚЫ ӨСІРДІ

13 желтоқсан 2021
КҮЛТӨБЕ
ЖЫЛҚЫ ӨСІРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Кеген ауданына қарасты Жылысай ауылдық округінде 4 мыңға тарта ірі қара, 20 мыңға тарта қой-ешкі, 2300 бас жылқы қыстатылуда.  Қазіргі таңда Жылысай өңірінде 47 қыстауда малшы қауымы қатал қысқа қажыр-қайраттарын қарсы қойып, табандылықпен еңбек етуде.  Округ аумағындағы «Жандос», «Дарқан», «Айдын» шаруа қожалықтарының жағдайлары жақсы.

Жалпы, мал азығының сенімді қоры жасалған. Енді тек қырдағы ағайын үшін мал қыстатуды ұйымшылдықпен, өз деңгейінде аяқтаса болғаны.
Жылысай ауылдық өңіріне қарасты «Қошан» шаруа қожалығының жағдайы жақсы. Қожалықты ата кәсібін жалғастырып жүрген Ерғалым Қошанов атты еңбекқор азамат басқарады. Аталған қожалық асыл тұқымды ірі қара мен жылқы өсіруге бағытталған. Қазір қожалықта жүзге тарта ірі қара, 60 жылқы өсірілуде. Малдың тең жартысынан астамы аналық. «Қошан» шаруашылығы сапалы семіз ет өндірумен, жаз маусымында сүт, қымыз дайындаумен айналысады. Осы арқылы қожалықтың жағдайы жыл өткен сайын жақсарып келеді.
– Биыл суық ерте түсті. Қыс қатал мінезін танытып тұр. Дегенмен, қар жұқа. Өріс ашық. Қолда бар мүмкіндігімізді пайдаланып, мал азығын дайындап алдық. Мал қыстату науқанын көңілдегідей аяқтап шығамыз деген сеніміміз мол, – дейді шаруа қожалығының жетекшісі Ерғалым Қошанов.
Қазір «Қошан» шаруа қожалығының төрт түлік малы Малай батыр кесенесінің маңына орналасқан. Қыстаудағы тіршілік сәтімен жалғасуда. 

Қанат БІРЖАНСАЛ,
Кеген ауданы
 

Қатысты жаңалықтар

Ел алдындағы жауапкершілік

Ел алдындағы жауапкершілік

Бүгін, 16:30
Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Таразда «ASPARA FASHION DAY 2026» халықаралық сән іс-шарасы өтіп жатыр

Бүгін, 16:12
Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Qajet taxi – үлкен жоспардың алғашқы қадамы

Бүгін, 14:30
БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

БҰҰ-да Халықаралық су ұйымын құру ұсынысы талқыланады

Бүгін, 13:20
Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Шынайы отаншылдық – құрғақ сөз емес

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.