Талдықорған: -7°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

Талдықорғанда ауаның ластанғаны жайлы ақпарат расталды

13.01.2025
МІНБЕР
Талдықорғанда ауаның ластанғаны жайлы ақпарат расталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жақында Massaget.kz сайты өткен жылдың 11 айындағы аймақтардағы ауаның ластану салыстырмасы бойынша экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми жауабын жариялаған болатын. Алайда, ластанудың жоғары деңгейіндегі қаладардың көрсеткішінде Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы Хромтаудан кейін екінші орынға жайғасыпты.

Ел санасында табиғаты көркем, экологиясы да, ауасы да таза саналатын Талдықорған қаласындағы ауаның соншама ластануы дұйым жұртты елең еткізгені анық. Себебі, аймақтың суын ішіп,  ауасымен тыныстап жүрген әрбір жан бұндай ланастанудың адам денсаулығына келтіретін зияны мен кері әсерін ойлап уайымдайтыны белгілі.

 ӨТКЕН АПТА «АЙШЫҒЫ»:  Талдықорған Қазақстандағы ауасы ластанған елді мекендер тізімінде тұр

 

Әкімдік не дейді

Осыған байланысты біз Жетісу облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары м.а. Ерасыл Бекжанов мырзаға хабарласып, ауаның ластануының адам денсаулығына кері әсері мен зиянының бар жоқтығы туралы сауал жолдаған едік.

Ерасыл  Баратұлының бізге берген мәліметінше, Massaget.kz порталы жариялаған  ақпаратқа сәйкес, Талдықорған қаласының аумағындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғары деп бағаланып отыр. Дейтұрғанмен аймақтағы жағдай үнемі бақылауда деп сендірді.

 

Ресми мекеме не айтады

«Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ның Жетісу облысы бойынша филиалының түсіндірмесіне сай, бұл стандартты индекс (СИ) мәнімен – 5,0 (жоғары деңгей) азот оксиді бойынша және ең жоғары қайталанушылық (ЕЖҚ) = 2 % (жоғары деңгей) азот диоксиді бойынша №2 бақылау бекеті ауданында анықталды.

*52.04.667-2005 нормативіне сәйкес, егер СИ және ЕЖҚ әртүрлі деңгейлерге сәйкес келсе, атмосфераның ластану деңгейі осы көрсеткіштердің ең жоғарғы мәні бойынша бағаланады.

Максималды бір реттік концентрациялар: РМ-2,5 бөлшектері – шекті рұқсат етілген концентрацияның (ШРК) 1,20, РМ-10 бөлшектері – ШРК-ның 1,35, көміртек оксиді – ШРК-ның 2,51, азот диоксиді – ШРК-ның 3,98, азот оксиді – ШРК-ның 5,0, күкіртсутек – ШРК-ның 4,08 көрсетті. Қалған ластаушы заттардың концентрациясы ШРК-дан асқан емес. Шамалы асып кетулер негізінен кешкі уақытта байқалды. Бұл жылыту маусымы мен автокөлік құралдарының әсерінен. Сондай-ақ, ауадағы ластануының қалыптасуына ауа райы мен жел және желдің бағытының жиі өзгеруі де айтарлықтай әсер етеді.

 – Қорытып айтқанда зиянды заттардың орташа концентрациясы қазірге  ШРК-дан асқан жоқ. Өте жоғары (50 ШРК-дан жоғары) және жоғары (10 ШРК-дан жоғары) ластану жағдайлары әлі тіркелген жоқ. Бұл дегеніміз қала тұрғындарының өмір сүру сапасына, денсаулық жағдайы кері әсерін тигізетін факторлардың тіркелмегенін білдіреді. Сондай-ақ қоршаған орта сапасының нашарлады деп тұжырымдауға, жұрттың алаңдауына еш негіз жоқ екендігін хабарлаймыз, – дейді департамент басшысының орынбасары.                                                                  

   Түйін: Бұл мәселеге әзірге ұсынылған ресми жауаптың бүтін сұлбасы осы. Ал оның ішіндегі өрескел ластануға қатысты жылыту маусымы, жел бағыты, көлік түтіні әсері деген ақтама жауаптардың қисын-логикасын түсіну қиын. Себебі, басқа ауасы таза қалалар аталған «қиындықтардан» қиғаш өтіп кете алмайтыны тағы аян. Мегаполистердегі сағаттап тұратын кептелген көлік пен өндірістік қалалардағы түтінді ескеріңіз. Сонда аядай Талдықорғанның ластануы туралы басқаша жауап күтетініңіз сөзсіз. Оны тиісті мамандар да алда айта жатар. Әзірге халықтың денсаулығына зиян жоқ деген рәуіштегі жауап пен «жұрттың алаңдауына еш негіз жоқ» деген жауапты ғана «қанағат» етеміз. 

Айдын КӘЛІМХАН

Фото: halyqline.kz

Қатысты жаңалықтар

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026
Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

Мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаев 85 жаста

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.