Талдықорған: +18°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МІНБЕР

ТҰРҒЫНДАР АМАНДЫҚ БАТАЛОВҚА СҰРАҚ ҚОЙЫП, БІРНЕШЕ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ

30.09.2021
МІНБЕР
ТҰРҒЫНДАР АМАНДЫҚ БАТАЛОВҚА СҰРАҚ ҚОЙЫП, БІРНЕШЕ МӘСЕЛЕ КӨТЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Амандық БАТАЛОВ қабылдау өткізді. Бірқатар аудандардың тұрғындары облыс басшысымен онлайн байланысқа қосылып, сұрақ-ұсыныстарын жеткізді. Сауалдар ауылшаруашылығы, жол, білім мен денсаулық сияқты маңызды салаларды қамтыды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қабылдауға өңірлерден 8 адам қосылды. Ең алдымен Талғар ауданынан сөз алған облыстық мәслихат депутаты Асқар Сүлейменов биылғы жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты малдың жем-шөбінің шығымы әдеттегіден төмен болғанын, соған байланысты бағасы көтерілгенін тілге тиек етіп, мал азығы құнын арзандату жөніндегі шара ретінде субсидия бөлуді сұрады.

Амандық Баталов биылғы қуаңшылыққа байланысты аудандарда малдың жем-шөбін уақытылы дайындауға көп көңіл бөлініп, қажет дегендерге Балқаш ауданынан шөп орып алуға жерлер ұсынылғанын айтты. Сол сияқты жетісулық бастамашылар Маңғыстауға шөп жөнелтіп, игі іс атқарғанын, оларға пойыз тасымалы жағынан көмек көрсетілгенін де атап өтті.

— Өткен жылы мал азығы үшін облыста 1,2 млрд.теңге бөлінген болатын. Биыл бұл қаржының көлемін ұлғайттық, 1,8 млрд.теңге қарастырылады, — деген А.Баталов облыстық экономика басқармасына субсидия бөлудің есеп-қисабын әзірлеуді тапсырды.

Келесі кезекте Райымбек ауданынан Нұрсалқан Әбділдаев байланысқа шығып, Көмірші ауылына дәрігерлік амбулатория қажет деген мәселе көтерді. Өйткені ауылда тұратын 700-ге жуық тұрғын ең жақын деген 25 шақырым жердегі Сарыжаз ауылындағы медициналық мекемеге қатынауға мәжбүр. Бұл мәселе бойынша да Амандық Баталов толыққанды жауап беріп өтті. «Райымбек ауданында 250 адам қабылдайтын емхана келесі жылы салына бастайды. Сіздердің Көмірші ауылына медпункт салып береміз. Оның жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, дайын тұр. Жобаның құны — 134,2 млн.теңге. 2022 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіледі», — деді облыс әкімі.

Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, зейнеткер Әбілбек Айтыхановтың айтуынша, 2020 жылы Шелек ауылдық ауруханасына жөндеу жүргізілген. Лифт қойылып, бірқатар заманауи қондырғылар орнатылған. Ендігі жерде ауруханаға компьютерлік томография сатып алынса деген ұсынысын жеткізді.

Амандық Ғаббасұлы жергілікті жерлерді қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету аса маңызды екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда бүгінгі күні облыстағы медициналық мекемелерді құрал-жабдықпен қамтамасыз ету 79%-тен 89%-ке жеткен. Шелектегі ауруханаға компьютерлік тамография сатып алу туралы мәселенің мән-жайынан хабардар еткен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ө.Ниязбеков бұл мақсатқа 500 млн.теңге шамасында қаржы бөлініп, жабдық сатып алынғанын айтты. Жыл соңына дейін ауруханаға КТ аппараты орнатылатын болады. «Бұл жедел қан айналымы бұзылған науқастарға арнап осы ауруханадан нейроинсульт бөлімшесін ашуға мүмкіндік беретін шара ретінде ерекше бақылауымызда», — деді Өмірзақ Ниязбеков.

Сол сияқты Көксу ауданынан Сағымбала Төкенова Балпық би ауылында мектеп салу мәселесін тілге тиек етті. «Жері дайын, қарастырылған», —  дегенді де қосты. Жалпы қазір бұл ауылда екі ауысымда оқытатын 4 мектеп жұмыс істейді. Облыс басшысы өңірде 49 үш ауысымды мектеп бар екенін, бірінші кезекте мәселесі өзекті болып тұрған мектептерге басымдық берілетінін айта келе, Балпық би ауылынан мектеп салуға ЖСҚ дайындауға қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыруды тиісті сала басшыларына тапсырды.

Осы қабылдау барысында Кербұлақ ауданының тұрғыны Әсем Ілиясова «Сарыөзек-Көктал» тас жолының қиыршық тас төселген жолдарына асфальт төсеу мәселесін көтерді. Бұл жайында облыс әкімі Амандық Баталов «АлаЦем» цемент зауытының жүк көліктерінің ауыр салмақта жүк тасымалдауы салдарынан пайда болған жол ақауларын зауыт пен «ҚазАвтоЖол» мекемесі жөндейтінін айтты. Атап өтсек, «АлаЦем» зауыты жолдың күрделі жөндеу жұмыстары үшін 1,2 млрд.теңге «ҚазАвтоЖол» АҚ-ға бөліп отыр.

Сондай-ақ Қаратал ауданы Кәлпе ауылынан Ерлан Сақбаев тұрғындардың ауылға спорт алаңын салып берсе деген тілегін жеткізді. «Биылғы Токио Олимпиадасында ел мерейін асқақтатқан спортшының бірі Игорь Сон – біздің ауданның түлегі. Осындай даңқты спортшы болуға талпынған балалар бізде көп. Соларға жағдай жасап, спорт алаңын салып берсеңіздер», — деді Е.Сақбаев.

Белгілі болғанындай, Кәлпе ауылын абаттандыру мақсатында спорт алаңының құрылысына жоба жасалған. Облыстық бюджет есебінен оған 178,6 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Биылғы жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа беріледі. Облыс әкімі құрылыс саласының басшыларына жұмыстың мерзімінде әрі сапалы жүргізілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.  

Ескелді ауданы Сырымбет ауылынан Бітімбай Бегалиев, Жамбыл ауданы Қазыбек бек бекетінен Әбден Есперов сауалдарын жолдады. Бірі Сырымбет ауылындағы ауыз су құбырын жаңарту, екіншісі Қазыбек бек бекетіне газ құбырын тарту мәселелерін жеткізді. Бұл проблемалар да өз кезегінде облыс әкімінің назарынан тыс қалмай, тиісті басқармаларға тапсырылды.

Мәселен, Сырымбет ауылын сумен жабдықтау жүйесін жаңарту жобасы сараптамадан өткен. Оның құрылыс-монтаж жұмыстарына 413,6 млн.теңге қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы тамыздың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал Қазыбек бек бекетіне газ құбырын тартуға қатысты мәселе де жуырда қолға алынбақ.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

Үкімет ЮНЕСКО мен ИСЕСКО аясында мәдени мұраны сақтау және ілгерілетудің кешенді жоспарын бекітті

31.03.2026
ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

ҰБТ форматы өзгереді: Министрлік жаңа AIT жүйесін таныстырды

31.03.2026
Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

Антальядағы алтын: Ақсулық арулар волейболдан топ жарды

31.03.2026
Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

Тарифтер арзандады: Су мен газ бағасына қатысты жаңа шешім

31.03.2026
Чемпион болғым келеді

Чемпион болғым келеді

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.