Талдықорған: +10°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Жолдауында айқындалған міндеттер Жетісу жастарымен талқыланды

Бүгін, 16:38
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент Жолдауында айқындалған міндеттер Жетісу жастарымен талқыланды
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Құрылтайының депутаты Екатерина Смолякова, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков өңірдің белсенді жастарымен кездесті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Талдықорғандағы «Жетісу жастары» орталығында өткен басқосуда Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттар сөз болды.

Алдымен делегация мүшелері орталықтың жұмысымен танысып, жастарға арналған жобалар мен бастамалардың жүзеге асырылу барысын көрді.

Кездесу барысында білім беру, ғылым, цифрландыру, жасанды интеллект, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығын дамыту және жастарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова аграрлық саланы жаңғырту, ауыл жастарының кәсіпкерлік әлеуетін арттыру және өндіріске заманауи технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Ал Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану, қаржылық сауаттылықты арттыру және жастардың экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне назар аударды.

Құрылтай депутаты Екатерина Смолякова жастардың ел дамуындағы рөліне тоқталып, олардың қоғамдық бастамаларға белсенді араласуының маңызын атап өтті.

Ашық пікір алмасу кезінде жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жұмыспен қамту, сапалы білім алу, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа технологияларды меңгеру жөнінде ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу мемлекеттік органдар өкілдері мен жастар арасындағы ашық диалог алаңына айналып, ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік берді.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін, 17:23
Жолдау жүктеген міндет

Жолдау жүктеген міндет

Бүгін, 17:12
Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Жолдау жүктеген міндеттер жастармен бірге талқыланды

Бүгін, 17:07
Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Қазақстанда тұран жолбарыстарының санын 50 басқа жеткізу көзделіп отыр

Бүгін, 16:59
Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Қарттарды әлеуметтік қолдау мәселесі көтерілді

Бүгін, 16:53

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.