Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен шағын құрамда келіссөз өткізді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Кездесу барысында екі тарап соңғы жылдары Қазақстан мен Пәкістан арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтудың перспективті бағыттары талқыланды.
Келіссөз барысында сауда, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, ғарыш және қаржы салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.






