Талдықорған: +13°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол

4 ақпан 2026
ӘЛЕУМЕТ, КҮНДЕРЕК
Жаңа Конституция – Ұлы Дала елін жаңа биікке жетелейтін негізгі жол
WhatsAppTelegramFacebook

Астана қаласында офлайн және онлайн форматта Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясының Төрағасы А. Әміртаевтың төрағалығымен партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген пленарлық отырысы өтті.

Іс-шараға партия филиалдарының жетекшілері, мәслихат депутаттары, сарапшылар және белгілі қоғам қайраткерлері қатысып, Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы талқыланды. Талқылау барысында мемлекеттің институционалдық дамуы, адам құқықтарының басымдығы, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік және «жасыл» экономиканы стратегиялық дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз баяндамасында Азаматхан Әміртаев Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның саяси алғышарттарына тоқталып, оның заң шығару үдерісінің тиімділігін арттыруға, билік органдарының дербес әрі нақты жауапкершілігін күшейтуге және мемлекеттік басқару жүйесінің орнықтылығын нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ Конституциялық реформа жөніндегі комиссия жұмысының кең қоғамдық қатысумен өтіп жатқаны, e-Otinish платформасы арқылы мыңнан астам ұсыныс түскені айтылды.

Партия Төрағасы жаңа Конституция жобасында экология мен адам денсаулығы арасындағы байланыстың тұңғыш рет негізгі заң деңгейінде айқын әрі күшейтілген түрде бекітіліп отырғанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша таза ауа, таза су және қауіпсіз қоршаған орта азаматтардың өмір сапасын айқындайтын басты факторлар болып табылады және мемлекеттің болашақ ұрпақ алдындағы тікелей жауапкершілігі болуы тиіс. Осыған байланысты «БАЙТАҚ» партиясы Конституцияның 8-бабында «Экология және адам денсаулығы» ұғымын мемлекеттің базалық құндылығы ретінде жеке тармақпен бекітуді ұсынды.

Кеңейтілген отырыс барысында партияның Атқарушы хатшысы Бекберген Керей «Конституция: экология мен даму арасындағы тепе-теңдік» тақырыбында баяндама жасап, жаңа Конституция экологияны мемлекеттік саясаттың жекелеген бағыты ретінде емес, қоғамдық дамудың құндылықтық негізі ретінде айқындайтынын атап өтті.

Алматы қалалық филиалының төрағасы Алма Қарашқызы «Адамға бағдарланған мемлекет моделі» тақырыбындағы сөзінде жаңа Конституция жобасында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары
мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде бекітілгенін атап өтті.

Ал партия төрағасының кеңесшісі Мұрат Ташибаев «Қазақстандағы конституциялық реформаның халықаралық-құқықтық аспектілері» тақырыбында баяндама жасап, жаңа Конституцияны қабылдау Қазақстан халқының өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асырудың заңды нысаны екенін айтты.

Сонымен қатар, конституциялық реформаның халықаралық міндеттемелерді орындауға, адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталғаны атап өтілді.

Саяси кеңес мүшесі, жас тарихшы Шыңғыс Үсенқұл жастар атынан сөз сөйлеп, Конституция жобасында Ұлы Даланың мыңжылдық мемлекеттілік дәстүріне сілтеме жасалуының маңызын атап өтті. Оның айтуынша, «Ұлы Дала» ұғымы Еуразия кеңістігінде қалыптасқан мемлекеттілік, құқықтық жүйе және саяси мәдениеттің тарихи сабақтастығын білдіреді.

Бастауыш партия ұйымының басшысы Сергей Качанов Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын толық қолдайтынын білдіріп, партия тарапынан өңірлік және бастауыш деңгейде түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуге дайын екенін, азаматтарды қоғамдық талқылауға белсенді тартудың маңызын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстанның «БАЙТАҚ» жасылдар партиясы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын адамға бағдарланған, экологиялық жауапты және институционалдық тұрғыдан негізделген құжат ретінде толық қолдайтынын мәлімдеді. Партия алдағы уақытта да Конституция жобасын қоғамдық талқылауға белсенді қатысып, өңірлерде түсіндіру және ақпараттық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Қатысты жаңалықтар

Жас мергендер жүлделі оралды

Жас мергендер жүлделі оралды

Бүгін, 14:00
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Жетісу облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Оспанов Жанат Тәнірбергенұлы

Бүгін, 12:38
Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Еңбек адамының 25 бастамасы Халық Кеңесіне табысталды

Бүгін, 11:34
«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

«Жетісу» футбол клубы сингапурлық инвестордың басқаруына өтеді

Бүгін, 10:00
«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

«Таза Қазақстан»: Мектептерде 560 мыңнан астам экологиялық сынып сағаты өткізілді

Бүгін, 09:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.