Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері қауіпсіздік туралы маңызды ақпараттары бар манекендер орнатуда.
Манекендер саябақтар, аялдамалар, сауда орталықтары мен вокзалдарды қоса алғанда, барлық қоғамдық орындарға орналастырылады. Әрбір манекенде төтенше жағдайлар бойынша іс-қимылдар, өртке қарсы қауіпсіздік ережелері және алғашқы медициналық көмек туралы ұсыныстар жазылған брошюралар көрсетілген. Бұл – азаматтарға қырағы және кез келген күтпеген жағдайларға дайын болу қажеттілігін еске салуға бағытталған.
ӨЗ ТІЛШІМІЗ





