Талдықорған: 0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?

12.11.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Банктер туралы жаңа заң: не өзгереді?

фото: pexels.com

WhatsAppTelegramFacebook
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң жобасы соңғы уақыттағы басты жаңалықтардың бірі екені рас. Қаржы ұйымдарының сапалы қызметін және қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты қамтамасыз етуді көздейтін құжат біршама сүрлеуден өтті, деп хабарлайды 7-su.kz ақпарттық порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарапшылар бұл заң жобасында негізгі басымдық бәсекелестікті дамытуға берілген деген пікірде. Банктер санын көбейтіп, олардың өзара бәсекелестігін арттыру арқылы қызмет көрсету сапасын едәуір жақсарту көзделуде.

«Қатаңдықтан алыстап, керісінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) икемдірек болады. 2010 жылдары банктер саны айтарлықтай қысқарғаны жасырын емес. Ол кезде банктер нығайды, бір-бірінің иелігіне өтіп, бірікті.Бірқатар банктер банкроттыққа ұшырап, жабылды. Сөйтіп, монополияға айналу қаупі бар ерекше қуатты банктердің жарияланбаған одағы қалыптасты. Сондықтан бүкіл қаржы нарығын дамытуға осындай оңтайлы жағдайлар жасалуда», — дейді қаржы сарапшысы Айбар Олжаев.

Жаңа құжатта банк қызметіндегі тепе-тең реттеу қағидаттарын енгізу, қаржылық-технологиялық секторды дамыту мен цифрлық қаржы активтерін реттеу, іс-қимылды қадағалаудың тәуекелге бағдарланған жүйесін қалыптастыру, төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін құру және банктер қызметін реттеуді жетілдіру көзделген. Оған қоса, «исламдық терезелер» тетігін іске қосу қарастырылды. Бастама банк секторының мүмкіндіктерін кеңейту мен бәсекелестікті күшейтуге бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстанда бар болғаны екі ислам банкі жұмыс істейді, олардың активтері мен несиелік қоржынындағы жалпы үлесі 0,5%-дан аз. Заң қабылданғаннан кейін, исламдық банктік операцияларды жүзеге асыру құқығын арнайы бөлек қаржы мекемесін құрмастан, қолданыстағы лицензиясы аясында универсалды банктер де пайда деп жобалануда.

«Бұл БАӘ, Малайзия, Пәкістан, Бахрейн, Катар және Индонезия елдерінде кеңінен қолданылады. Исламдық қаржының ерекшелігін ескере отырып, исламдық қызметті ұйымдастырушылық тұрғыдан бөлу, активтер мен міндеттемелерді бөлек есепке алу және басқару, жеке қызметкерлерді бөлу, сондай-ақ қаржы өнімдерін бекітетін және аудит жүргізетін шариғатқа сәйкестік кеңесінің міндетті түрде болуы қарастырылған», – деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова.

Сала мамандары бұл өзгерістердің барлығы қаржы секторының тұрақтылығын сақтау және банктердің нақты экономикаға тиімді қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызға ие деген пікірде.

«Сондай-ақ, біз жүйелік маңызы бар банктердіреттеуді қаржыландыруға банк секторыойыншыларын қатыстыру маңыздылығын атап өтеміз. Бұл жағдайда банктің шығындары бірінші кезекте оның акционерлері мен кредиторларының есебінен өтелуі тиіс. Әрбір жеке банктің ал-ауқаты бүкіл сектордың тұрақтылығына ықпал етеді, сондықтан реттеуді қаржыландыруға қатысу барлық банктердің мүддесіне сай келеді. Заң жобасында ұсынылған, банк реттелгеннен кейін банк секторынан жиналатын ақшалай жарналар тетігі прагматикалық ымыраға келуді білдіреді. Ол Қазақстанның банк секторын халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келуге дайындайды», — деп атап өтті Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озхан.

Қазақстанда «исламдық терезелердің» қызметін реттеу ислам банктерін реттеу іспеттес қағидаттарға негізделіп, рұқсат етілген операциялардың ұқсас тізбесін қамтиды. Оның негізгі элементтері ұйымдық оқшаулауды, бөлек қаржылық есепті, міндетті есептілік пен білікті қызметкерлердің болуын ұйғарады.  Бұл реттеудің ашықтығын, сенімділігін және болжамдылығын қамтамасыз етеді.

Қалай болғанда да заң жобасын қабылдау банк жүйесінің қаржылық орнықтылығын арттырып қана қоймай, бәсекелестікті дамытуға және қаржы секторындағы инновацияларды ынталандыруға зорықпал етпек.

Қатысты жаңалықтар

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026
 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

11.02.2026
Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

11.02.2026
1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

1Win казиносын ұйымдастырғандардың 420 млн теңгелік мүлкі тәркіленді

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.