Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ӘДЕП КОДЕКСІ – ТӘРТІП ТҰҒЫРЫ

27.12.2023
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ӘДЕП КОДЕКСІ – ТӘРТІП ТҰҒЫРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметіне кіріскеннен кейін көп ұзамай Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен өткізген алғашқы алқалы бас қосулардың бірінде: «Мен халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымын жария еттім. Өз қызметімде ең алдымен қарапайым адамдардың ұстанымы мен мұң-мұқтажын басшылыққа алуым қажет. Халықтан жоғары және биік тұрған ешкім де, ештеңе де жоқ» деп қадап айтқан болатын.

Иә, ақиқатында да халықтан асқан көреген, халықтан артық ұлы күш жоқ. Ат сүрінген жерінде ақыл тапқан біздің парасатты бабаларымыз да «халық – қазы, еңбек – таразы» деп, осынау қара орман жұрттың қадір-қесиетін тобықтай сөзбен түйіндеп, бағамдаған. «Сенім – сеңгір тауды да қозғайтын құдіретті күш» демекші, ел-жұртының артқан үмітін ақтап, сеніміне ие болу – әрбір азамат үшін ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік. Алайда халық буынсыз тілден шыққан байламы жоқ пәтуәсіз сөз, құрғақ уәдеге емес, тындырымды еңбекпен тиянақты атқарылған жұмыстың нақты нәтижесіне сенеді. Сондықтан да бүгінгі таңда елімізде азаматтардың мемлекеттік биілік институттарына, жауапты орган қызметкерлерінің жұмысына деген сенімін нығайту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мемлекеттік қызмет саласындағы ең өзекті мәселе ретінде белгіленіп, күн тәртібіне қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жаңа Әдеп кодексінің түпкі мәні мен мақсаты да халыққа сапалы қызмет көрсететін кәсіби мемлекеттік аппарат құру, елімізде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мен нығайтуды көздейді.  

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің киімі, сөз сөйлеуі, жүріс тұрысынан бастап, олардың біліктілігі мен кәсіби деңгейіне дейін қойылатын талаптарды күшейтудің рөлі зор. Себебі, тұлғаның мінез-құлық мәдениеті нығайып, білімі, біліктілігі, рухани әлеуеті толысқан сайын ол адамның өмір, қызмет баспалдақтарындағы өрлеу мүмкіндіктері де арта түспек. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі, яғни, өзінің аты айтып тұрғандай қызметтік әдеп қағидалары еліміздегі мемлекеттік қызметте жүрген әрбір азаматтан қызметтен тыс уақытта немесе әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде моральдық-әдептілік нормаларын қатаң сақтауды және өзінің кәсіби шеберлігімен қоса мінез-құлық мәдениетін үздіксіз жетілдіріп отыруды талап етеді.

Бұл ретте біз биік деңгейдегі мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда халқымыздың уақыт сынынан сүрінбей өткен байырғы ұлттық әдептілік негіздерін табысты жаңғыртып, ұтымды пайдалануды ұмытпағанымыз абзал. Мәселен, дәстүрлі қазақ қоғамында «Әдепсіз жігітті – жүгенсіз жылқыға» теңеп, ешуақытта да ел басқару ісіне араластырмаған. Мемлекеттік аппараттың әлеуетін арттыру, басқару құрылымының жұмысын тиімді жүзеге асыру мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейіне тікелей байланысты болғандықтан бүгінде елімізге жоғары тұлғалық қасиеттерге ие білікті мамандар ауадай қажет. Жазиралы Жаркент жері ежелден ел байлығын еселеуге қомақты үлес қосып келе жатқан қазыналы өңірлердің бірі. Еліміздің мемлекеттік қызмет және кадр саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, жергілікті атқарушы органдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар мұнда да тиянақты жүргізілуде. Бүгінде ауданда мемлекеттік қызметшілердің жалпы штат саны – 173.

Оның ішінде аудан әкімі аппаратында 20, аудан әкімдігінің бөлімдерінде 41, қала және ауылдық округ әкімі аппараттарында 112 қызметші жұмыс істейді. Ауданда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» қолданыстағы заңнамалардың және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде белгілінген әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларының сақталуы қатаң бақылауда ұсталады. Ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілер алдағы уақытта да жүктелген міндетін жауапкершілікпен адал атқарып, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруға, халықтың сенімін нығайтатын кәсіби мемлекеттік аппаратты жасақтауға, еліміздің қарыштап дамуына қомақты үлес қоса бермек.

Ербол Сқақов
Панфилов ауданы әкімі аппаратының басшысы
Әдеп жөніндегі уәкіл
Фото: ser-per.kz 

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы

07.07.2026
Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

Конституциялық сот: Бірқатар лауазымды тұлғалар қайта тағайындала алады

07.07.2026
Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

Қазақстандықтар елдің саяси бағытын қолдайды

07.07.2026
Президент жаңа Жарлыққа қол қойды

Сайлауалды сауалнама: Қоғамдық пікірді зерттеу қалай өтеді?

07.07.2026
Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

Жастарға серпін берген «Qosyl Jastar» фестивалі

07.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.