Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Дикий Арман туралы ақпаратқа пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін желіде Арман Жұмагелдиевтің тамырын кесуге әрекет жасағаны туралы ақпарат тараған болатын.
«Сотталған адам өзіне жеңіл жарақат келтірген. Медициналық көмек дереу көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған адам ерекше бақылауда, онымен мекеме психологтары алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр», — деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Осы факт бойынша қызметтік тексеру тағайындалған.
Фото: видео кадры





