Талдықорған: +14°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еңбек қауіпсіздігіне қатысты әкімшілік жауапкершілік күшейтілді

23.04.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Еңбек қауіпсіздігіне қатысты әкімшілік жауапкершілік күшейтілді

ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а Ерболат Абулхатин ОКҚ баспасөз мәслихатында еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды күшейту және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау шараларына тоқталып өтті.

Оның айтуынша, былтыр заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары бойынша мемлекеттік бақылау функциялары жергілікті атқарушы органдардан Еңбек министрлігіне берілді. Сонымен қатар қызметкердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу кезінде кінәсін есепке алмауды, 1400 зардап шеккен адамға өмір бойы төлем жүргізуді, өмірді сақтандыру компаниялары сыйақысының 12%-ын оңалту мен алдын алуға бағыттауды, зардап шеккендерге санаторлық емделуге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем жүргізуді көздейтін заң қабылданды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтілді.

«Мемлекеттік еңбек инспекторларының бақылау қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорындарды профилактикалық бақылау тізімін қалыптастыру процесі автоматтандырылды. Өндірістік жазатайым оқиғаларды тергеуге арналған «FSM» мобильдік қосымшасы әзірленді. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» кәсіби стандарты бекітілді», – деді спикер. 

Одан бөлек, келесі жұмыстар қолға алынды:

— нысандарды аттестаттаудан жұмыс орындарындағы кәсіби тәуекелдерді бағалауға көшу;
— тәуекелдерді бағалау жүргізетін ұйымдарға қойылатын талаптарды және жазатайым оқиғалар кезінде олардың мемлекеттік сараптамадан өтуін енгізу;
— тексерулердің жаңа форматы: ақпараттық жүйе деректері негізінде тәуекелдерді анықтау, тексерулер туралы алдын ала хабарландыруды алып тастау, жоспардан тыс тексерулер кезінде тексеру парақтарын жою.

Нәтижесінде жұмыс орындарындағы тәуекелдерді азайту, еңбек инспекциясының жұмысының тиімділігін арттыру және ұлттық тәжірибені халықаралық еңбек стандарттары мен нормаларына сәйкестендіру күтілуде.

ОКҚ

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.