Талдықорған: -0°C
$ 491.88
€ 585.83
₽ 6.36
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Конституция мен нотариат: құқық пен әділдіктің өзара байланысы

11.11.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Конституция мен нотариат: құқық пен әділдіктің өзара байланысы

kaztag.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы еліміз көлемінде кеңінен аталып өтті. Бұл кезең аралығында Ата Заңымыз замана өзгерістеріне қарай әлденеше рет жаңғыртылып, толықтырылып отырылды. Соның негізінде елімізде заң үстемдігі орнығып, конституциялық дамудың жаңа кезеңіне аяқ бастық.

Осыдан 30 жыл бұрын Бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциямыз еліміздің демократиялық, құқықтық және зайырлы мемлекет екенін нақтылап, адам мен оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең басты құндылық деп таныды.

Ең бастысы, Ата Заңымыз бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіздігімізді Негізгі Заң жүзінде орнықтырды. Нақтырақ айтатын болсақ, онда «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді» деп нақты жазылған.

Конституция ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретіндегі статусын бекітіп, мәртебесін өсірді. Соған орай уақыт өткен сайын тіл мерейі біртіндеп өсіп, оның қолданылу аясы да кеңейіп келеді. «Көрмес түйені де көрмес» дегендей, бұл ақиқатты көрмеу, байқамау бүгінде мүмкін емес деуге болады.

«Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады» деген тұжырым да ел азаматтарының өз құқықтарының заңды түрде қорғалатынына деген сенімдерін нығайта түседі. Негізгі Заңымыздың ең басты миссиясы да осы – әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау десек, ешбір асырып айтқандық бола қоймайды.

Әр азаматтың құқықтары мен бостандықтары деген ұғымдарды нақтылай түсетін болсақ, бұған адамның өмір сүру, ар-намысын қорғау, жеке өміріне, меншігі мен мүлкіне қолсұқпаушылық, еңбек ету және білім алу құқықтары кіретінін көреміз. Ондай құқықтары бұзылған жағдайда Қазақстанның кез-келген азаматы сотқа жүгіне алады. Мұның өзі біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымыздың сот, демек заң арқылы сенімді қорғалатынын білдіреді.
Сөз орайы келгенде Конституция қағидаларын жүзеге асырушы институт – нотариаттың жұмысы жайында айтып өтпей болмайды. Бұл жерде Қазақстанның «Нотариат туралы» заңының да тікелей Конституция нормаларына сүйеніп қабылданғанын ескертіп өткен орынды.

Бір сөзбен тұжырымдайтын болсақ, Нотариус – азаматтың мүлкі мен құқығын қорғаушы, қоғамдағы заңдылықтың сақтаушысы саналады. Ол өзінің қызметі барысында жасалынған әрбір мәміленің заңдылығын қамтамасыз етіп, азаматтар арасындағы сенімділікті арттыратын абыройлы мамандық иесі.

Мәселеге толығырақ тоқталатын болсақ, мұрагерлік, жылжымайтын мүлік немесе отбасы қатынастарына байланысты құжаттар нотариустың куәландыруынсыз заңды күшке ие болмайды. Бұл – меншік құқығын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету сияқты конституциялық қағидаттардың нақты өмірдегі көрінісі. Осы тұрғыдан алғанда, нотариат – Конституцияның практикалық деңгейде іске асырылуының ең тиімді құқықтық тетігі.

Қазақстан Республикасындағы нотариат – бұл жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заңнамалық тұрғыда бекітілген жүйесі. Нарықтық қатынастар жағдайында, соған байланысты азаматтық құқықбұзушылықтар саны өсе түсіп отырған кезеңде нотариустер қызметінің маңызы барған сайын арта түсуде.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алатын нотариустер өздеріне өтініш айта келген мүдделі тараптардың барлығынан сол заңдылықты сақтауды талап етеді. Сол арқылы көп ретте заңдылықтың нығайып, құқықбұзушылықтың алдын алуға себепші болады. Бір мезгілде, яғни нотариалдық әрекеттерді атқарған кезде нотариустер азаматтардың құқықтары бұзылмауын да қатаң бақылап отырады.

Осы жерде сотта дау-дамай туындай қалған жағдайда нотариалдық куәландырылған құжаттардың мүдделі тарапқа өздерінің құқықтарын дәлелдеуді жеңілдететінін де айта кеткен орынды. Басқа сөзбен айтқанда, нотариалды куәландырылған құжат заңдылық сертификаты бар талассыз ақиқат саналады.

Бірқатар құқықтар мен әрекеттер міндетті түрде нотариалдық куәландыруды қажет етеді. Нотариуске белгілі бір нотариалдық әрекетті атқартуға келген азамат кез-келген жағдайда өзінің құқығы мен мүддесін ресми түрде бекітіп, заңдылық тұрғыдан туындап қалуы мүмкін қауіп-қатерден сенімді қорғалады.

Осылайша, нотариус азаматтық-құқықтық қатынастарға тұрақтылық, дау-дамай туындай қоймайтындай заңды сипат береді. Бір мезгілде азаматтарға мемлекеттік құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Нақтырақ тұжырымдайтын болсақ, экономика мен бизнес үшін нотариат әкімшілік кедергі, бөгет, басы артық инстанция емес – құқықты жүзеге асыратын және құқықты қамтамасыз ететін маңызды механизм болып табылады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, нотариат жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Бұл орайдағы көмек нотариалдық іс-әрекеттерді орындау арқылы жүзеге асырылады. Ол жеке тұлғалардың ғана емес, бүкіл қоғамның мүдделерін қорғауға бағытталған әлеуметтік және құқықтық маңызды акт.

Нотариустерді сотқа қатыспай-ақ келісімшарттық қатынастарды реттеуге көмектесетін бейтарап куәгер және кеңесші деуге болады. Ол құжаттардың максималды дәлдігі мен анықтығын қамтамасыз етіп, стандарттау және қысқа-нұсқалық принциптерін сақтайды; құқықтық айналымдағы құжаттардың сенімділігін қамтамасыз етіп, мәмілелерді куәландыру кезінде тараптардың еркін білдіруінің дұрыстығын бақылайды; кәсіби деңгей мен беделді сақтай отырып, құқықтық көмекті бейтарап көрсетеді; заңмен қорғалатын әртүрлі құпияларды, соның ішінде нотариалдық құпияны қатаң сақтайды.

Бөліп айта кететін мәселе – нотариустің жауапкершілігі. Азаматтар үшін маңызды іс-әрекеттерді атқаратын ол өз қызметінің дұрыстығы үшін мемлекет алдында ғана емес, қоғам мен азаматтардың алдында да моральдық жауапкершілік арқалайды.

Нотариус мемлекеттік қызметкер болмаса да мемлекеттік функцияларды орындап, мемлекет пен қоғам мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Бұл орайда қоғамдық міндеттер жеке практика шеңберінде азаматтардың құқықтарын бұзбай жүзеге асырылады. Әріптестеріміз осылайша Қазақстан Конституциясы талаптарының мүлтіксіз сақталуына өздерінің қомақты үлестерін қосып келеді.

Өткен кезеңде біз жаңғыру мен жетістіктер, тұрақтылық жолымен жүріп өттік. Соған орай Ата Заңымызды ел бірлігі мен әділдіктің символы, елімізді асқар биіктерге жеткізіп отырған қоғамдық келісімнің кепілі деп бағалауымызға әбден болады. Ендеше Конституциямызды бағалау, ондағы баяндалған жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеу – әрбір замандасымыздың асыл парызы саналады.

А. Бекішбаев,
Жетісу облыстық нотариаттық палатасының төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

Рекордтық лизинг көлемі: 2025 жылы шаруалар 10 мыңнан астам бірлік техника сатып алды

11.02.2026
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 10 жылға сотталуы мүмкін

11.02.2026
Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

Желіде видео тарады: Ерболат Құдайбергеннің ұсталғаны рас па?

11.02.2026
Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

Астанада жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған «Ассамблея жастары» РҚБ отырысы өтті

11.02.2026
 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

 «Халықтың шешімімен бекітетін уақыт жетті» – Ауыл партиясы қазақстандықтарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

11.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.