Әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жалпы Интернет желісінде көп тараған құқық бұзушылардың құрбаны болмау үшін балалар келесі қарапайым ережелерді есте сақтауы керек:
— ешбір жағдайда өз дербес деректеріңізді, сондай-ақ ата-аналардың, туыстардың, достардың деректерін (яғни, тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, тұрғылықты мекенжайы, оқу орны, телефоны, фотосуреттері және т. б.) желінің басқа пайдаланушыларына хабарлауға болмайды, бұл пайдаланушылар сіздің достарыңыздың тізімінде болса да;
— есте сақтаңыз, Интернет-сайттар мен әлеуметтік медиа пайдаланушылары ойдан шығарылған, оның ішінде басқа адамдардың суреттері, немесе тіпті балалардың деректерін пайдалана алады;
— интернет қолданушылары тарапынан жасалған қоқан-лоқыдан қорқудың қажеті жоқ, шындығында олар сізге жеке, сіздің жақындарыңыз да ештеңе істей алмайды. Олар әдетте балаларды бақылауға алу үшін оларды қорқытады. Бірінші қауіп төнген кезде сіз бұл туралы ата-анаңызға, ағаңызға, әпкеңізге, мұғалімге және т. б., дереу айтуыңыз керек, одан ұялуға болмайды.
— ешбір жағдайда әлеуметтік желі, мессенджерлер және басқа да Интернет-ресурстардың пайдаланушыларының бұйрықтарын немесе нұсқауларын орындамаңыз.
Ең қарапайым нәрсе — олардың парақшаларын бұғаттау. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлер және басқа да онлайн-сервистерде белгісіз адамдардан түсетін достықты қабылдамаңыз.
— өзіңізге қашықтан қол жеткізуге арналған бағдарламаларды орнатпаңыз. Оларды орнатпас бұрын бұл қосымша не үшін және т. б. туралы Интернеттен оқыңыз.
Дереккөз: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жалпы Интернет желісінде көп тараған құқық бұзушылардың құрбаны болмау үшін балалар келесі қарапайым ережелерді есте сақтауы керек:




