Талдықорған: +31°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

МӘСЕЛЕ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ

14.11.2021
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
МӘСЕЛЕ ҚАРАСТЫРЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу жеріндегі құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомство- аралық комиссияның отырысы өтіп, облыстағы аса өзекті мәселелер қаралды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов ашып, жүргізіп отырған жиынға облыс прокуратурасының, ведомствоаралық комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, аудан, қала әкімдері, аумақтық полиция басқармасы бөлімдерінің басшылары қатысты.

Алқалы жиында жеті мәселе – «Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық тиіспеушілікке қатысты қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмыстың нәтижесі», «Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау саласында қабылданған ұйымдастырушылық-тәжірибелік шараларды ескере отырып, браконьерлікпен күрес нәтижесі», «Интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Облыс аумағындағы өрт қауіпсіздігінің жай-күйі», «Жолда жүру қауіпсіздігі мен жол апатының алдын алу жөніндегі жұмыстың ұйымдастырылуы», «Дәріханаға есірткі тәуелділігі» мәселесі және оны шешудің жолдары» және Құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның алдыңғы отырыстарында жасалған хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыланып, өзекті мәселелердің шешімін табу жолдары қарастырылды.
Алғашқы болып мінберге көтерілген облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Азнабакиев пен облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова мектеп оқушыларының тәртібі мен қауіпсіздігін қарайтын инспекторлардың жұмысын таныстырып, жасөспірімдер арасындағы орын алуы мүмкін келеңсіздіктерді болдырмаудың жолдарын таныстырды. Сондай-ақ, мектеп инспекторларының жетіспеушілігін мәселе етіп көтерген баяндамашыларға сұрақ қойған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов өскелең ұрпақ тәрбиесі ұстаздардың қолында екендігін жеткізіп, тәртіпсіз немесе бұзық балаларға ұдайы ақыл айтып, жөн көрсетудің берер пайдасы болатынын ұғындырды.
Одан кейінгі тақырыпқа байланысты облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болат Азнабакиев пен Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Ринат Құмашев, облыстық полиция департаментінің криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары Лариса Ким, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Тойшыбеков, ҚР Бас прокуратурасына қарасты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Алматы облыстық басқармасының бастығы Ақмарал Қыдырова, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ғалымжан Дәрібаев, облыстық полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Қазыбек Мұхамедов, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы Зәуре Құсайынова кезекпен мінберге көтеріліп, облыс аумағында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесімен таныстырды.
Жиынды қорытындылаған комиссия төрағасы – облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов: «Ерекше аталатын жағдай – қылмыстардың өсуі жергілікті жерлерде профилактикалық жұмыстың тиісті деңгейде жүргізілмеуінен орын алады. Өздеріңіз көріп отырғандай, облыс аумағындағы кейбір қылмыстардың саны төмендеуіне қарамастан жалпы қылмыстың көрсеткіші жыл сайын өсуде,» – деп мәселенің маңызды екендігін атап өтті. – Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуды, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық тиіспеушілікке байланысты қылмыстарды болдырмауды, құқық қорғау мәселелері жөніндегі шараларды тиісті деңгейде ұйымдастыруымыз керек. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгездіктің алдын алу жұмыстарын күшейту қажет. Бұл мәселеге барлық құзырлы органдар бірлесе отырып, тиісті шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етсін.
Комиссия отырысында айтылған міндеттер мен тапсырмалардың орындалуын қадағалауды аудан, қала әкімдеріне, аудандық, қалалық полиция бөлімдерінің басшыларына тапсырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов мәселенің назардан тыс қалмайтынын ескертті.

М. ӘСЕТҰЛЫ

Қатысты жаңалықтар

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

Жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

29.06.2026
QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

QYZYLJAR MUSIC FEST – V фестивалі бастау алады

29.06.2026
Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

Астанада «Асыл мұра» концерті өтеді

29.06.2026
Сарбаздар куәлік алды

Сарбаздар куәлік алды

29.06.2026
Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

Талдықорғанда ыстық су тоқтатылады

29.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.