Талдықорған: +20°C
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«ОТЫРҒЫЗАМЫН»: АТЫШУЛЫ КӘСІПКЕР ПОЛИЦИЯ ТАРАПЫНАН ҚЫСЫМ ЖАСАЛҒАНЫН АЙТТЫ

12.05.2020
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
"ОТЫРҒЫЗАМЫН": АТЫШУЛЫ КӘСІПКЕР ПОЛИЦИЯ ТАРАПЫНАН ҚЫСЫМ ЖАСАЛҒАНЫН АЙТТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысы, Панфилов ауданында Асылбек Әукенов есімді кәсіпкердің көлігінен қару-жарақ табылып, ұсталғаны туралы атышулы бейнежазба әлеуметтік желілерде жылдам тарап, талқыға түсті. Онда кәсіпкер полицейлер қаруды әдейі салып жібергенін айтып, шыр-пыр болады.

Осыған орай журналист Ардақ Байғабыл «Facebook» желісінде тіккелей эфир арқылы Асылбек Әукеновтің өзімен сұхбат өткізген еді. Ұсталған азамат Панфилов ауданының тұрғыны, Көктал ауылының тумасы, кәсіпкер, атбегі, спорт шебері, ауылда жастарға арнап спорт кешенін салып берген. Асылбек Әукенов желіде тараған сұхбатта осыған дейін полиция қызметкері 10 мың доллар пара сұрағанын ашық айтты.

— Мен олардың үстінен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментіне арыз жаздым. Яғни, аудандық жедел іздестіру тобының бастығының үстінен (бейнематериалда аты-жөні айтылады), – деп «Facebook» желісіндегі тікелей эфирде бәрін басынан бастап баяндайды. – Біздің ауылда қаңтардың 16-нан 17-не қараған түні мен салған спорт кешенінің жанында жастар арасында атыс-шабыс болды. Мен сол жерде болдым. Маған «басы-қасында жүрдің» деп айып тағылды. «Сен кінәлісің» деп еш айғақсыз, қысым жасады. Намаз оқығаным үшін «Экстремизм, терроризм мен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі тізіміне қоямын» деп қоқан-лоққы көрсетті. Босатқан соң бір күннен кейін қайта шақырып: «Оның жолы бар, 10 мың доллар бер, мен реттеймін, шешем, мына «деланы» жоқ қылып жіберем. Егер келіспесең, өз ауылыңда, көшеңде дұрыс жүрмейтініңе кепіл берем, Егістік алқабыңа, малыңа бармай, жайлауыңа жете алмай қаласың. Мәшинеңе діни кітап немесе қару-жарақ салып, сені отырғызамын», — деді (бейнематериалда аты-жөні айтылады).

Осыдан соң, өздеріңіз білетіндей, Асылбек Әукеновтің көлігінен қару-жарақ табылып ұсталған. Алматы облысының полиция департаменті бұдан бөлек тағы да бір айыптау бабы тағылғанын айтып, төмендегідей түсініктеме берді:

«Аталған дерек бойынша 1980 жылғы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылының тұрғыны Әукенов 1978 жылы туған А.есімді әйелге қатысты алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес, күдікті Әукенов, әйел мен оның күйеуінің сеніміне қиянат жасап, жалпы сомасы 50 миллион теңгеге жуық болатын арнайы техниканы алып кеткен», — делінген хабарламада.

«Tengrinews.kz» таратқан ақпаратқа сәйкес, арыз берушінің ақпараты бойынша күдікті оның сеніміне кіріп, 11 миллион теңге көлемінде ақша алған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 195-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысында күдікті тіркелмеген қаруды заңсыз сақтағаны анықталды. Бұл дерек ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.

Айта кетейік, бұл баптар бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.

Журналист Ардақ Байғабыл «Facebook» желісінде тағы да тікелей эфир арқылы Асылбек Әукеновті Талдықорған қаласында уақытша қамауға алғанын хабарлады. Ринат Баймолда атты адвокаты одан қан, сілекей алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 195-бабы 4-бөлігі арқылы тергеу жүріп жатқанын айтты.

Қазіргі таңда Асылбек Әукенов пен журналист Ардақ Байғабыл құзырлы мекеме өкілдерінен істің ақ-қарасын айырып, әділ шешім шығаруын сұрайды.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда жалақы мен зейнетақы шоттарындағы бұғат алынады

Қазақстанда жалақы мен зейнетақы шоттарындағы бұғат алынады

10.04.2026
Ұлан-Батыр: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын

Ұлан-Батыр: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын

10.04.2026
Ақсу ауданында қылмыстық іс: әйелге шабуыл жасалды

Ақсу ауданында қылмыстық іс: әйелге шабуыл жасалды

10.04.2026
Оразбек Асылқұлов алғаш рет Азия чемпионы атанды

Оразбек Асылқұлов алғаш рет Азия чемпионы атанды

10.04.2026
Бейбіт Исабаев Сарқан ауданының тұрғындарымен кездеседі

Бейбіт Исабаев Сарқан ауданының тұрғындарымен кездеседі

10.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.