Талдықорған: +21°C
$ 481.54
€ 553.24
₽ 5.93
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қыз алып қашу – қылмыс па?

21.01.2026
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Қыз алып қашу – қылмыс па?

Pinterest

WhatsAppTelegramFacebook

Қоғам өзгерді. Заман алға жылжыды. Бірақ соған қарамастан, бүгінгі күннің өзінде кейбір ескі түсініктер санада берік сақталып келеді. Солардың бірі – қыздың еркінен алып қашу арқылы отбасы құру әрекеті. Бұл үрдіс біреулер үшін «дәстүр» болып көрінгенімен, шын мәнінде, ол адам құқығын таптау, зорлық-зомбылықтың бір түрі.

Мемлекет басшысы бұл мәселеге нақты әрі ашық баға берді. Президенттің айтуынша, мұндай әрекет – адам ұрлау, ұлттың абыройына нұқсан келтіретін өрескел қылмыс. Бұл пікір, әрине, уақыт талабынан туған, заң мен адам құқығын бірінші орынға қоятын әділ ұстаным. Оны қос қолдап қолдау – әрбір саналы азаматтың міндеті.

Кейбіреулер «бұрын солай болған» деген уәжді алға тартады. Алайда тарихқа тереңірек үңілсек, бұрынғы қоғамда да қыздың келісімі маңызды болғанын байқаймыз. Ал күштеп, қорқытып әкелу ешқашан махаббаттың алдында ақталған емес. Қазіргі таңда ондай әрекеттердің салдары ауыр: психологиялық жарақат алған қыздар, амалсыз құрылған отбасылар, берекесіз шаңырақтар көбейді. Бұл –тұтас ұлттың трагедиясы деуге болады.

Ең сорақысы – кей жағдайларда қыздың көз жасы «ұят», «ел не дейді» деген сөздердің тасасында қалып қояды. Қинап әкеліп, тағдырын шешіп қою барып тұрған нағыз қатігездік. Мұндай қадам ерлік пен батырлықөа жатпайды. Керісінше, жауапкершіліктен қашу, өз әлсіздігін күшпен жасыру.

Президент атап өткендей, заң мен тәртіп бәріне ортақ. Заң талаптарын орындау – міндет. Қоғамның сана-сезімі өскен сайын, азаматтық жауапкершілік те артуы тиіс. Заңнаманың қатайуы да осыны көздейді. Өйткені әйелдің еркіндігі мен қауіпсіздігі – мемлекеттің де, қоғамның да басты құндылығы.

Қысқасы бүгінгі жігіттің жолы – келісім. Бүгінгі отбасының іргесі – сыйластық. Қызды қорқытып емес, құрметтеп, ата-анасының алдынан өтіп, ақ батасын алып құда түсу – өркениетті дамыған қоғамға тән қасиет.

Бұрынғы заманда кейбір қыздар өз қалауынан тыс, жасы үлкен, бай адамдарға ұзатылған. Осындай әділетсіздікке қарсы туған дәуірде сүйгенімен қосылу үшін жігіттің қызды алып қашуы орын алған. Яғни ол кезде қыз алып қашу байлық пен зорлыққа негізделген некеге қарсылықтың бір көрінісі ретінде пайда болды.

Енді ол заман өтті. Қазір әр қыз – жеке тұлға, өз таңдауына ие азамат. Оның тағдырын күшпен шешу заңға да, адамгершілікке де қарсы. Сондықтан мұндай әрекеттерге «дәстүр» деген жалған ат беруді тоқтатуымыз керек.

Қоғамдық сананың жаңаруы осындай мәселелерге ашық әрі батыл көзқарастан басталады. Мемлекет басшысының бұл бағыттағы ұстанымы әділеттің, адам құқығының, өркениетті ел болудың айқын көрінісі. Оны қолдау – болашаққа жасалған дұрыс қадам.

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Көктемгі дала жұмыстары. Шаруаларға барлық жағдай жасалған

Көктемгі дала жұмыстары. Шаруаларға барлық жағдай жасалған

31.03.2026
Қараталда бордақылау алаңы салынады

Қараталда бордақылау алаңы салынады

31.03.2026
Ауылдан шыққан чемпион Анталиядан алтын алды

Ауылдан шыққан чемпион Анталиядан алтын алды

31.03.2026
Онкологтар тегін кеңес берді

Онкологтар тегін кеңес берді

31.03.2026
Жаслан Мәдиев: 2026 жылы ұшқышсыз көлік пен дрон жеткізу пилоты басталады

Жаслан Мәдиев: 2026 жылы ұшқышсыз көлік пен дрон жеткізу пилоты басталады

31.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.