Жетісу облысында жасөспірімдердің бойында тәртіп пен отансүйгіштік рухты қалыптастыру мақсатында ауқымды флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шара Талдықорған қаласындағы Жастар саябағында өтті.
Флешмобты Талдықорған қалалық полиция басқармасы, Жетісу облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы және қалалық Білім басқармасы бірлесіп өткізді. Ол «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасының аясында ұйымдастырылды.
Іс-шараға қаланың орта мектептері мен гимназияларынан 300-ден астам оқушы қатысты. Жасөспірімдер арнайы хореографиялық қимылдар арқылы бірлік пен патриоттық сезімдерін білдіріп, тәртіпке және заңға құрмет көрсетудің маңызын көрсетті.





