Талдықорған: -6°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Тәртіп пен таным: жасөспірімдерге құқықтық тәрбие берілді

14.12.2025
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Тәртіп пен таным: жасөспірімдерге құқықтық тәрбие берілді
WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорғандағы №27 орта мектеп-гимназиясы 9-сыныптың 30 оқушысы, оның ішінде мектепішілік есепте тұрған жасөспірімдер, облыстық полиция департаменті музейіне танымдық экскурсия жасап, құқық қорғау қызметінің қыр-сырын жақыннан танып қайтты.

Экскурсияның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қоғамдағы тәртіп пен заңның маңызын терең түсінуіне жағдай жасау еді. Өскелең ұрпақты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағыттап, тәртіпке бейімдеу мектеп пен полицияның ортақ міндеттерінің бірі. Осыған орай ұйымдастырылған бұл сапар балаларға тек жаңа ақпарат беріп қана қоймай, олардың көзқарасын кеңейтті, ойына ой қосты десек қателеспейміз.

Музей қызметкерлері оқушыларды ішкі істер органдарының тарихымен таныстырып, полиция қызметінің ғасырдан астам уақытқа созылған даму кезеңдерін қызықты деректермен ұштастыра баяндады. Мұражайда сақталған арнайы құралдар, тарихи құжаттар мен қызметтік жабдықтар жасөспірімдердің ерекше назарын аударды. Әсіресе, өткен кезеңдерде қолданылған киім үлгілері мен қызметтік техника балалар үшін тың жаңалық болды.

Оқушылар полиция қызметінің қоғам тыныштығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін сезініп, құқық қорғау саласының қиындықтары мен жауапкершілігін тереңірек түсінді. Тәртіп сақшыларының өмірі тек қызмет емес, ел алдындағы міндет пен адалдықтың символы екенін ұғынған шәкірттер үлкен қызығушылық танытып, көптеген сұрақ қойды. Музей мамандары әр оқушының сауалына түсінікті, мәнді жауап беріп, олардың құқық туралы танымын толықтыра түсті.

Бұл экскурсия, әсіресе, мектеп-ішілік есепте тұрған оқушылар үшін зор тәрбиелік маңызға ие. Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мұндай шаралар жасөспірімдердің әлеуметтік ортаға бейімделуін жеңілдетіп, жауапкершілік сезімін нығайтуға ықпал етеді.

Сапар соңында оқушылар экскурсиядан алған әсерлерімен бөлісіп, полиция қызметінің оңай еместігін, әр маманның еңбегінің қоғамға пайда әкелетінін атап өтті. Мұндай танымдық шаралар жас буынның құқықтық санасын көтеріп қана қоймай, олардың болашаққа деген көзқарасын қалыптастырып, дұрыс бағыт таңдауға жетелейді.

Тәртіп пен заңдылықты сақтау әр азаматтың міндеті. Ал оны бүгіннен түсінген жасөспірім ертең қоғамның жауапты мүшесіне айналары сөзсіз.

Бахтияр ЖАҚСЫГЕЛДИНОВ,
әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.