Талдықорған: +35°C
$ 477.17
€ 543.26
₽ 6.01
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
КҮНДЕРЕК, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды
WhatsAppTelegramFacebook

Текелі қаласында аумақтық қорғаныс күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталған ауқымды оқу-жаттығу жиыны қорытындыланды. Бірнеше күнге созылған дайындықтың шарықтау шегі «Текелі-2026» тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы болды. Дайындық барысында әскери міндетті азаматтар стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғау, диверсиялық топтардың әрекетіне тосқауыл қою және төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету машықтарын іс жүзінде шыңдады.

Жиын Жетісу облысы әкімінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылды. Оған мобильді рота құрамына тіркелген әскери міндеттілер мен ұшқышсыз авиациялық жүйелер взводының мамандары қатысты. Жалпы саны 55 әскери міндетті азамат он күн бойы арнайы полигонда тактикалық дайындықтан өтіп, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау тәсілдерін меңгерді.

Оқу-жаттығу бағдарламасы бүгінгі қауіпсіздік талаптарына сай жасалды. Қатысушылар шартты қарсыластың диверсиялық-барлау топтарын анықтау және залалсыздандыру, маңызды инфрақұрылымдық нысандарды жан-жақты күзету, сондай-ақ, жау дрондарына қарсы радиоэлектрондық және атыс құралдарын қолдану бағытында тәжірибе жинақтады.

Тактикалық жаттығулардың негізгі кезеңдерінің бірі Текелі қаласындағы су электр станциясын қорғау сценарийіне арналды. Шартты түрде террористік топ стратегиялық маңызы бар гидроэлектр станциясына шабуыл жасаған жағдайда әрекет ету алгоритмі пысықталды. Әскери міндеттілер қауіптің алдын алып, қарсыласты оқшаулау және нысанды толық бақылауда ұстау міндеттерін орындады.

Оқу-жаттығуға қатысқан әскери міндетті Ернар Молдабековтің айтуынша, жаттығулар шынайы әскери операцияларға барынша жақын жағдайда ұйымдастырылған.

– Сценарий бойынша жергілікті гидроэлектр станциясына шабуыл жасалды. Біздің міндетіміз қарсыластың әрекетін тоқтатып, нысанды қорғау болды. Жаттығу өте қызықты өтті. Оқ-дәрілердің жарылысы, автомат дауыстары, арнайы техникалардың қозғалысы бәрі шынайы ұрыс жағдайын елестетті. Өзімді нақты әскери операцияның ортасында жүргендей сезіндім. Он күндік дайындық барысында мол тәжірибе жинадық, – дейді ол.

Мамандардың айтуынша, мұндай жиындар әскери міндетті азаматтардың кәсіби дайындығын тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сондықтан оқу-жаттығу лагерьлері жылына кемінде 2 рет өткізіліп келеді.

Облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Айдар Кибаев Текелі қаласында стратегиялық маңызы бар нысандардың аз еместігін атап өтті.

– Қала аумағында қорғалуы тиіс маңызды объектілер жеткілікті. Соның бірі – гидроэлектр станциясы. Оның өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін ескере отырып, әскери міндеттілердің дәл осы нысанда қорғаныс шараларын тәжірибе жүзінде пысықтауына жағдай жасадық. Мұндай жаттығулар кез келген ықтимал қатерге дайын болуға мүмкіндік береді, – дейді басқарма басшысы.

«Текелі-2026» оқу-жаттығуының қорытынды кезеңінде жеке құрамның жауынгерлік даярлығы жан-жақты бағаланды. Командалық құрам әрбір қатысушының жеке дайындығына ғана емес, бөлімшелердің өзара үйлесімді іс-қимылына да ерекше назар аударды. Сараптама нәтижесінде аумақтық қорғаныс күштерінің жауынгерлік әзірлік деңгейі жоғары деп танылды.

Оқу-жаттығу соңында тапсырмаларды орындауда үздік нәтиже көрсеткен әскери міндетті азаматтар мен қызметкерлер арнайы марапаттарға ие болды.

Қазіргі геосаяси жағдай мен заманауи қауіпсіздік талаптары әскери резервтің дайындығын тұрақты жетілдіруді қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда, «Текелі-2026» оқу-жаттығуы өңірдегі аумақтық қорғаныс жүйесінің әлеуетін нығайтып қана қоймай, стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын күштердің қалыптасқанын көрсетті.

Медет ЖҰМАБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

Текеліде аумақтық қорғаныс күштерінің оқу-жаттығуы аяқталды

30.07.2026
Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

Байқаушылар институтының құқықтық сауаттылығы

30.07.2026
Орманды өрттен қорғайық!

Орманды өрттен қорғайық!

30.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Сайлау белсенділігі артты

30.07.2026
Адам саудасы – ауыр қылмыс: Елімізде арнайы науқан басталды

Адам саудасы – ауыр қылмыс: Елімізде арнайы науқан басталды

30.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.