Талдықорған: +13°C
$ 479.82
€ 559.90
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

17.04.2020
ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңының 3-ші бабының 3-ші тармағында әділет органдарына тиесілі міндеттің бірі орталық мемлекеттiк органдардың және ведомстволардың, жергiлiктi өкiлдiк және атқарушы органдардың, әкімдердің нормативтiк-құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру және еліміздің нормативтiк-құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету екендігі анық жазылған. Осыған орай аумақтық деңгейдегі жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк-құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеу облыстық және қалалық әділет департаменттеріне жүктелген.

2016 жылдың 6 сәуірінде қабылданған ҚР «Құқықтық актілер туралы» Заңында еліміздің құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастардың реттелетіні айтылған. Сонымен қатар, осы Заңның 23-бабына сәйкес уәкілетті органдардың нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингі жөніндегі қызметі үйлестіріліп, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 қаулысымен бекітілген «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағидасы қалыптасты. Соған сәйкес нормативтік- құқықтық актілердің құқықтық мониторингі еліміздің заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлықты тудыратын және тиімсіз құқықтық нормаларды анықтап, жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнама тиімділігін бағалау мен болжауға мүмкіндік береді.
Құқықтық мониторинг объектісіне ҚР конституциялық заңдары, ҚР кодекстері, ҚР шоғырландырылған заңдары, ҚР заңдары, ҚР Президентінің нормативтік-құқықтық Жарлықтары, ҚР Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, ҚР Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, ҚР Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, ҚР министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік-құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтік-құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары жатады.
Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері өздері қабылдаған және әзірлеушілері болған не олардың құзыретіне жататын құқықтық-нормативтік актілерге қатысты Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде еліміздің заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды қатыстыруға құқығы бар. Мемлекеттік органдарда құқықтық мониторинг бойынша бөлімшелердің қызметін үйлестіруді заң қызметтері, болмаған жағдайда мемлекеттік органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырса, мемлекеттік органдардың құқықтық мониторинг бойынша қызметін үйлестіруді ҚР Әділет министрлігі және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының аумақтық әділет басқармалары жүргізеді.
Жалпы, құқықтық мониторинг төрт кезең бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, бірінші, құқықтық мониторинг объектісіне қатысты ақпарат жинау, жинақтап қорыту және талдау; екінші – талдамалық анықтама не құқық-нормаларында кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтама жасау; үшінші – құқық нормаларында кемшіліктер анықталған жағдайда нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; төртінші – белгіленген нысандар бойынша құқықтық мониторинг нәтижелерін толтыру кезеңі қамтылады.
Сондай-ақ, ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауларындағы, ҚР Конституциялық Кеңесінің ҚР Парламентіне елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауларындағы, ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларындағы, мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы өзге де актілердегі ақпарат назарға алынып, мемлекеттік органдар дайындаған нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына шолулар, «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізген заңнаманың тиімділігін талдау нәтижелері, азаматтардың, заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға өтініштерін талдау мен жинақтап қорыту және прокурорлық қадағалау актілерін, мемлекеттік органға нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасына қатысты келіп түскен сот шешімдерін қарау нәтижелері, қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялардың, семинарлардың, кеңестердің материалдары, үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын материалдар, қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар өткізетін заңнама нормаларын қолданудың қоғамдық мониторингі қорытындылары, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының нормативтік-құқықтық актілердің қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланған ғылыми еңбектерде қамтылған ақпарат, нормативтік-құқықтық актілердің қолдану мәселелері бойынша әлеуметтану зерттеулерінің нәтижелері, құқық қолдану практикасы бойынша статистикалық деректер, заңнаманы жетілдіру бойынша талдау материалдар, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің мүдделерін қорғайтын ҚР қолданыстағы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ескертулер пайдаланады.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері кестеге сәйкес жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелерін есепті айдан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу бойынша шаралар қабылдап, заң қызметтеріне талдамалық анықтамаларды және құқық нормаларындағы кемшіліктердің жоқтығы туралы анықтамаларды ай сайын есепті айдың 25 күніне дейін кестеге сәйкес ұсынуға тиісті. Одан бөлек, мемлекеттік органдар құқықтық мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін тоқсан сайын әділет органдарына орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қабылданған актілерінің тізбелерін есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 күніне қарай бекітілген нысан бойынша ұсынады. Жыл қорытындысы бойынша жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері бойынша – нормативтік-құқықтық актіні Қазақстан Республикасы әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге енгізу міндет.
Әділет органдары мемлекеттік органдармен бірлесіп жарты жылда бір рет анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсынымдарды пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың мониторингі нәтижелерін қарайды. Тексеру кезінде еліміздің заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар, тиімсіз құқықтық нормалар анықталған жағдайда бекітілген нысан бойынша мемлекеттік тілде және орыс тілінде талдамалық анықтама жасалады. Талдамалық анықтама жазылған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы нормативтік құқықтық актіні қабылдаған әзірлеушісіне немесе оның құзыретіне жататын мемлекеттік органға хабарлама жібереді. Егер нормативтік құқықтық актілерде ҚР заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық сипаты бар, тиімсіз нормалар анықталмаса екі тілде құқық нормада кемшіліктің жоқтығы туралы анықтама жасауы тиіс.
Мәслихаттар, әкімдіктер және тек­серу комиссиялары бекітілген кестеге сәйкес ай сайын екі тілде талдамалық анықтамалар мен құқық­тық нормаларда кемшіліктің жоқтығы жайлы жасалатын анықтамаларды бірінші жартыжылдықтың есебі және жыл қорытындысы бойынша облыстық, қалалық әділет органдарына жібереді.
Әділет органдарында тіркелген нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу кезеңінде мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтердің анықтығын тексеру мақсатында Әділет министрлігіне және облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумақтық әділет органдарына қосымша құқықтық мониторинг жүргізуге рұқсат етілген.

Т. Арынханұлы,
Облыстық әділет департаментінің нормативтік-құқықтық
актілерді тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Қатысты жаңалықтар

«Жанұя» орталығы: отбасыға тірек, қоғамға демеу

«Жанұя» орталығы: отбасыға тірек, қоғамға демеу

10.04.2026
Жастарға үлгі болған ерлік жолы: Тәжік-Ауған ардагерлерімен кездесу

Жастарға үлгі болған ерлік жолы: Тәжік-Ауған ардагерлерімен кездесу

10.04.2026
«Ашық есік күні»: 30-ға жуық тұрғынға құқықтық көмек көрсетілді

«Ашық есік күні»: 30-ға жуық тұрғынға құқықтық көмек көрсетілді

09.04.2026
Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

Олжас Бектенов жедел штаб отырысын өткізді

09.04.2026
Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

Монополияға қарсы орган Көксу және Талдықорған колледждерін тексерді

09.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.