ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінің 1-2024 шақырылымының сарбаздары алғашқы жауынгерлік қызметке шықты. Құқықтық тәртіп сақшылары алып мегаполистің 8 ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.
Әскер қатарына шақырылған әр сарбаз үшін әскери ант қабылдаған соң қару-жарақ табысталғаннан кейін оқу-жаттығудан өтіп, моральдық-психологиялық тұрғыда толық дайын болған кезде ғана алғашқы жауынгерлік қызметтерін атқарады. Құқықтық тәртіп сақшылары құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге қалалық қоғамдық тәртіпті қамтиды.
1-2024 шақырылымдағы 300 ден аса сарбаздардың алғашқы жауынгерлік қызметке шығуы биылғы жаздың соңғы айына тура келді.Іс-шара Алматы қаласының орталық алаңында өтті. 5571 әскери бөлімінің командирі полковник Мақсат Баймағұлов саптық алаңда өткен таралымда жас жауынгерлердің алғашқы жауынгерлік қызметіне сәттілік тілеп, сөз сөйледі.
– Құрметті сарбаздар, сіздердің алғашқы жауынгерлік қызметке шығуларыңызбен құттықтаймын. Алып шаһардағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету біздің басты парыз! Осы тапсырманы орындау барысында сіздерге күш-қуат, ерік-жігер мен төзімділік қажет. Сонымен қатар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге тиісті заңдылық пен әскери жарғыдағы тәртіп талапты қатаң сақтау керек.Отанға деген сүйіспеншіліктеріңізді арттыра отырып, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етесіздер.Сондай-ақ, біз үшін ең алдымен сіздердің саулықтарыңыз бен амандықтарыңыз басты назарда. Халыққа қалтқысыз қызмет етіңіздер, – деді ол.
Құқықтық тәртіп сақшылыры қызмет барысында, көптеген тәртіпсіздіктердің алдын алады. Мәселен, ұрлық және тонау фактілерін іздеуге атсалысып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірге атқарады. Сондай-ақ, салтанатты рәсімге әскери бөлімге Ардагерлер кеңесінің төрағасының көмекшісі запастағы лейтенант Бимырзаев Жандарбек пен ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары отставкадағы полковник Александр Зелинский бүгінгі салтанатпен құттықтап, жауынгерлерге қызметтеріне сәттілік тіледі. Зейнетке шықса да, әскери бөлімнің өмірімен әлі де біте қайнасып жүрген зейнеткер тәрбиеші-офицердің ақыл-кеңесі мен ізгі тілегі жас жауынгерлерді қанаттандыра түсті. Сонымен қатар, әскери бөлімнің қызметіне тікелей қатысты, өзара бірлесіп қызмет атқаратын Алматы қаласының Ішкі істер департаментінен де қызметкерлері де келді.
Салтанатты шараға қатысушылардың бірі – Отан алдындағы борышын атқару үшін келген 2 жедел мақсаттағы батальон 3 жедел мақсаттағы ротасының атқыш сарбазы қатардағы Жұмабек Ерсұлтан қазақ әскері ішінде бірегейі саналатын Ұлттық ұланның қатарына түскеніне қуанатынын жасырмады. Әскерге келген бір ай ішінде ата-анаға, қоғамға, жалпы өмірге деген көзқарасының күрт өзгергендігі туралы айтты. Алматыдай үлкен мегаполисте қоғамдық тәртіптің сақшысы болуды абыроймен атқарамын деп уәдесін берді.
– Бүгін біз жауынгерлік қызметтің алғашқы күнін бастадық. Осыған қаншама дайыныдықтар болды. Бізге үйретті, қалай қызмет ету керектігін. ҚӨанша адам шығады, қай жерде, қалай қызмет етеміз барлығын алдын ала үйретті. Бүгін жауынгерлік қызметтің алғашқы күні болған соң әрине қобалжу бар. Соған қарамастан мен қала бойынша қоғамдық құқықбұзушылықпен , қылмыстың алдын алуға, қызметті қырағы атқаруға дайынмын, – дейді қатардағы Ерсұлтан Жұмабек .
Біз де жауынгерлердің алғашқы қызметіне сәттілік тілей отырып, қызметте қырағылық танытып Отанға адал қызмет етуді жеткіздік.
Аяулым Мадиканова
Алматы қаласы