Талдықорған: +9°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР РУХАНИЯТ

 Тазалыққа да тәрбие керек

16 сәуір 2024
РУХАНИЯТ
 Тазалыққа да тәрбие керек
WhatsAppTelegramFacebook

Аймақта әдетке айналған көктемгі, күзгі тазалық айлығын өткізу шаралары елді мекен тұрғындарының санасына «Өзің тұратын мекенді өзің көркейт» деген ұлағатты ұғымды сіңірген сияқты.Мұны күн жылынып, қар кетісімен өз аулаларын күл-қоқыстан тазартып тыпырлап жүрген тұрғындардың тірлігінен де анық байқауға болады.

Бұл үрдіс басқа өңірлерге қарағанда күн ерте жылынатын Панфилов ауданында наурыз айының алғашқы күндерінен бастау алып, көшелердегі қыстай қар астына жасырынған ағаш жапырақтары, басқа да көзге түсе бермейтін қалдықтарды барлық елді мекен тұрғындары сембіліктер өткізіп тазартты.

 барысында елді мекендердегі көшелерді тазарту, арықтарды қазу, жолдарды жөндеу, көшеттер отырғызу, күл-қоқыстарды арнаулы орындарға шығару сияқты жұмыстар тыңғылықты жүргізілген. Елді мекендердегі санитарлық тазарту жұмыстарына аудандық қаржы қорынан 7243,0 мың теңге бөлініп, бұл қаржыға жанармай сатып алынып, қалғанын қатты қалдықтар полигонында төсеу жұмыстарына жұмсалды. Қосымша 14395,0 мың теңге бөлініп, бұл қаржы елді мекендерді көгалдандыруға, көркейтуге жұмсалыпты.

 Ал Жаркент қаласында қазір аудан орталығындағы барлық мекеме, кәсіпорындар қазметкерлері сенбілікке жиналып, қала әкімі бөліп, бекітіп берген көше иірімдеріндегі күл-қоқыстарды тазартуды жалғастырып келеді. Күл-қоқыстарды қала сыртындағы арнаулы орындарға жеткізуге қалалық коммуналдық шаруашылық пен кәсіпорындардан бөлінген техникалар пайдаланылуда. Осы орайда айта кететін мәселе- жаңа ғана тазартылған жерге көлденең жүргіншілердің қолы қалт етпей қайта қоқыс тастап кететіні — жалпы халықты тазалыққа тәрбиелеу жұмысын жүйелі қолға алуды сұрап тұрғанын аңғартады.

 Жаркент қаласы тұрғындарына жазда бау-бақшасын суаратын ағын су жетіспей жатады.Биыл да бұл мәселенің толық шешілуі неғайбыл. Дегенмен қала әкімшілігі таудан келетін су жолын, қала көшелеріндегі арықтарды жөндеп, тазалауға ерекше мән беруде. Сонымен қатар сенбілікке жиналғандар көшедегі, демалыс орындарындағы саялы ағаштарды бұтау мен олардың түбін қопсытып, әктеу жұмыстарын да тыңғылықты атқарды. Қалада көктемгі айлық кезінде жалпы екі мыңнан астам саялы ағаш көшеттері отырғызылды.

Сонымен қатар жылдағыдай аудан орталығының үлкен көшелері мен халық көп жиналатын әлеуметтік мекеме аулаларын, ересектер мен балалар саябақтарын гүлмен көмкеру де қолға алынған.Жаркент қаласының көркіне айналған Таң гүлінен бесқа 16 мыңнан астам әр түрлі гүл көшеттері егіліпті. Биыл 53 гүл өсірілетін үлкен лазон-құмыралар сатып алынып, қала көшелеріне қойылды.

 Аудан әкімінің жанында көктемгі елді мекендерді көріктендіру мен көгалдандыру айлығын ұйымдастыратын, бақылайтын арнайы комиссия құрылып, олар атқарылатын жұмыс барысын жіті бақылап отырды.Жаркент қаласында көктемгі тазалық айлығы кезіндегі сембіліктерге жалпы 30 мыңға жуық қала тұрғындары қатысып, 1700 тонна күл-қоқыс арнаулы орындарға тасып шығарылды.

 Мырзағали Нұрсейіт

 Панфилов ауданы.

Фото: ашық дереккөзден

 

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында сөйлеген сөзі

20 қараша 2026
Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

Ағаштарға цифрлық паспорт беру бастамасы іске қосылды

20 қараша 2026
Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

Елімізде кәсіподақтар мен Халық Кеңесі бірлескен диалог орнатты

20 қараша 2026
Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

Жасыл ел – жас ұрпақтың жарқын еңбегі

19 қараша 2026
Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

Ескелді аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Тұрған Расиқа Сапарқызы

19 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.